• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (10.06.2016) на обращение от (01.06.2016) № 439762

Вопрос
Құрметті Ерлан Кенжеғалиұлы! Сіздің Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездесуіңізге қатыстым. Кездесу университеттің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған болатын. Кездесу барысында Сіз білім беру саласындағы үштілділік мәселесі туралы дәріс оқыдыңыз. Дәрісте үштілділіктің студент жастары үшін, яғни біздің болашағымыз үшін тиімділігі, тілдерді тез әрі сапалы меңгеру принциптері, үштілділік білім беруді жүзеге асыру шарттары сөз етілді. Сіздің үштілділік - жаңа заман сұранысы, талабы дегеніңізге толықтай қосыламын. Үштілді болу біздің алдымыздан көптеген есіктерді айқара ашады: халықаралық деңгейде білім алу, әлемдік кеңістікте еркін қарым-қатынас жасау, мәдени, рухани және танымдық жағынан даму т.б. Мұның барлығы үш тілді еркін меңгерген жағдайда ғана іске асады. Сіздің дәрісіңіз өте қызықты, танымды өтті. Студенттер білім саласы бойынша өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жауап алды. Үш тілді еркін меңгерген Сіз, Ерлан Кенжеғалиұлы, біздің, яғни студент жастардың, зор ықыласына және құрметіне ие болдыңыз. Сізбен кездесу, Сіздің дәрісіңізді тыңдау студенттер үшін үлкен тарихи оқиғаға айналды, ұмытылмас әсер қалдырды. Мұндай дәрістер жиірек болса деген тілегім бар.