Аким Восточно-Казахстанской области ответ от (22.06.2016) на обращение от (01.06.2016) № 439785
ӨТІНІШ Құрметті, Даниял Кенжетайұлы. Мен 2015 жылы Шәкәрім атындағы университетті бітіргенмін, қалалық «Жұмыспен қамту» орталығы маған – «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы 4 айлық (тамыз, қыркүйек, қазан және қараша айының 30-ына) дейінгі жұмыс мерзімін ұсынған болатын. Желтоқсан айының 1-нен 2016 жылдың наурыз айының 1-не дейін жұмыссыздық мерзімі болуына байланысты жұмыссыз қалдым. Осы жылдың 01.03-31.05.16 ж. аралығына дейін «Жұмыспен қамту» орталығының «Қоғамдық жұмыс» бағдарламасы аясындағы мерзім біткеніне байланысты, тағыда жұмыссыз қалдым. Мен осындай уақытша жұмыстарда жүріп, олардың мерзімдері біткен кезде, жұмыссыз қала берсем, басымдағы екі несиені қалай төлеймін? Сол себептен, 24.05.16 ж. күні Семей қаласының әкімі – Е. Б. Сәлімовпен жолыққанымда, ол кісі: «Жоғарғыда аталынған мерзім бітпей тұрып, тұрақты жұмыс тауып беремін», - деп уәде берген, бірақ уәдесі орындалмай, жұмыссыз қалдым. 2. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі басшысының орынбасары – А. А. Құрманғалиевтің : бір адамға – біреу бойынша маған беріп отырған жеке көмекшінің айлығы, менің шыққан сағатыма қарай – 239.00 (екі жүз отыз тоғыз) теңге болады, - деген сөзіне байланысты ешкім маған жеке көмекші болғысы келмейді, - деп қала әкіміне айтқанымда, ол кісі: «Саған тағайындалатын жеке көмекшінің дипломына қарамастан, аптасына қанша шықсаң да және қанша сағат жүрсең де, оның айлығын – 30-35 (отыз-отыз бес мың) теңгеге көтеремін», - деп айтқан. Бірақ айтқан сөзін, тиісті мекемелерге хабарламауына байланысты, мен әлі де жеке көмекшісіз жүрмін. 3. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі маған үйдің ішінде жүретін мүгедектік электро-приводтық қол-арба алып бере алмайды, ал мен ғаламтордың мына сайтынан - http://satu.kz/p25242593-kreslo-kolyaska-invalidnoe.html?utm_campaign=%28portal%29+Кресло-коляска+инвалидное++с&utm_content=%2825242593%29+Кресло-коляска+инвалидное++с+электроприводом+Vermeiren+Navix+Lift&utm_source=satu.kz_context_prosale&no_redirect=1&utm_medium=%28400901%29+инвалидные+коляски 2.466.000 (екі миллион төрт жүз алпыс алты мың) теңге тұратын қол-арбаны көрдім деп әкімге айтқанымда: «Ешқандай мәселе жоқ, қалалық пен Республиканың қаржылай демеушілерін тартып, сол арбаны алып береміз», - деген, бірақ ол мәселе де шешілмей келеді. Жоғарғыда аталынған мәселелер бойынша: қалалық депуттар, «Нұр Отан» филиалы, қала әкімінің орынбасары – Н. В. Шарова, З. Р. Исабаева және т. б. хабардар. Сізден осы мәселелерді шешіп беруіңізді өтінемін. Өтініш иесі: Н. Бектасов. 01.06.16 ж.Приложения:IMG-20151027-WA0001.jpg