Министерство внутренних дел Республики Казахстан ответ от (08.06.2016) на обращение от (31.05.2016) № 439686
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрі Генерал-Полковник Қ.Н.Қасымовқа Құрметті Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы! Мен Мамбетбаева (Бахова) Гүлмира Серіқызы,Қызылорда облысы, Арал қаласы тұрғынымын. 2009-2011 жылдар аралығында Алматы қаласы, Алмалы ауданының Ішкі Істер Басқармасының жанындағы полиция бөлімінің тергеу бөлімінде «Тергеуші» қызметін атқардым. Сөгіс алмадым, жақсы қызмет жасадым. Жанұя жағдайыма байланысты жұмыстан шыққан болатынмын. Казіргі уақытта Арал қаласында тұрып жатырмын. Әкем ІІ топ мүгедегі, анам зейнеткер. Алатын зейнетақысы өздерінің дәрі-дәрмектерінен, тамақтарынан ауыспайды. Олардың кішкене зейнетақыларына мен отбасыммен ортақтасқым келмейді. Себебі ата-анаммен бірге тұрғандықтан оларға мұсалдат болғым келмейді. Мен ҚР ІІМ-нің сайтына, яғни Сізге онлайн хат жазып, ҚР ІІМ-нен жауап келгеннен кейн, менен Арал қаласы Ішкі істер Басқармасының Кадр бөлімі қызметкері арызымды қабылдады. Арызды мен Қызылорда облысы ІІД –нің бастығының атына жазған болатынмын және керек құжаттарымды 2015 жылдың қараша айының басында тапсырған болатынмын. Казіргі уақытта жеке ісім Алматы қаласынан Қызылорда ІІД-не жіберілді және жеке басыма қатысты құжаттарым да келді, медкомиссиядан өтіп яғни бүкіл құжаттарым дайын болды. Енді ол құжаттарымды ІІМ не жіберілуге тиіс, бірақ қашан жіберілетіні белгісіз. Құжаттарым тексерілді, қаралды. Енді неге мені жұмысқа алмай жатырғанын түсінбей отырмын. Менің жеке басымды тексеретің құжаттарым, жеке ісім және өзімнің бұрын жұмыс істеп жүрген бастығымнан да мінездемемді алдырттым. Неге сонша ұзақ уақытқа созылып жатырғанын түсінбеймін. Менің ІІМ онлайн хат жазып жүргенімді орган басшылары жақтырмай қабақ шытып қарайды, алайда тек өзімнің жұмысқа тездетіп тұрып кетуім үшін шырылдап, өзіңізден көмек беруіңізді сұрау үшін жазып жүрмін. Осы жұмысқа орналасу үшін құжат дайындап, әр мекеменің табалдырығын тоздырып жүргеніме 8 (сегіз) ай болыпты. Менің жумыска тұруыма не кедергі болып тұрғаның соны анықтап беріңізші. Мен 13.05.2016 жылы Қызылорда облысының ІІД-не онлайын хат жібергенмін. 18.05.2016 жылы кіріс №3286 хатын тіркеуден бас тартыпты. Арал ауданынан, Қызылорда облысынан мен жазған өтінішімді қабылдамаған соң, Сізге тағы хат жазуыма тура келіп отыр. Құрметті Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы! Сізден мені Қызылорда облысы, Арал қаласының ішкі істер басқармасында қызмет атқаруыма мүмкіндік беруіңізді шын жүректен сұраймын. Сіз осы өтінішімді бей-жай қалдырмайтыңызға сенемін. Құрметпен Мамбетбаева Гүлмира Қызылорда облысы, Арал қаласы, Т.Есетов көшесі 29 үй тұрғыны Ұялы/тел: +7 775 850 4885 Үй/тел: +7 (724 33) 2 25 85Приложения:гума фото.JPG