• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан ответ от (04.07.2016) на обращение от (01.06.2016) № 439776
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан ответ от (04.07.2016) на обращение от (01.06.2016) № 439776

Вопрос
1.Саламатсыз ба! Сізге ОҚО, Арыс ауданы, Сырдария совхозы , Ә. Жангелді көшесі, Ш. Уалиханов көшесі, Косный көше тұрғындарының атынан сізге хат жазып отырмын. Бұл совхозда 5000 тұрғын бар, соның ішіндегі 120 отбасы егер әр отбасында 6 адамнан деп есептесек 720 тұрғын деп есептейміз. Енді айтпағым осы 720 тұрғынның 2 жыл 1 айдан бері ауыз суы жоқ. Скваженаның маторы күйіп кеткен. Осы 2 жыл 1 айдан бері әкімшілік жөндеуге шамасы жоқ. Ол қалай болғаны ХХ! Ғасыр ауыз су бір ауылдын жартысында жоқ. Бір водавоз су 3 тонна ақысы 3000 тенге сол суды ішеміз, мал суарамыз, кір жуамыз, осы үш көшеде бала- бақшада бар, бала- бақшаны сүтпен қамтаммыссыз ететін мал шаруашылығыда бар, бұл дегеніміз бала - бақшадағы балалар қалай әжетханаға барып және олардын кірлерін тәрбиешілері қалай жуып жур, оларға қаншама водавоз бір күнге керек? Әкімшілікке барып айттық ,еш нәтиже болмады, облыстық әкім келгенде қарт кісілер жиналып барып еді, ауыл әкімі күзетшілер қойып ауыл қарттарын облыс әкіміне кіргізбеді, облыс әкіміне айтудан қорқады екен неге өзі сол скваженаны жөндемейді? Біз қашанға дейін суды сатып алып отырамыз? Менің ата-анам 70 жастан асқан кісілер, неге олар өз пенсиясынан суды сатып алуы керек. Қарт кісілерге не қурмет, не көмек жоқ. Бұл скваженадан бұрын әшші су ағатын еді, соның өзі арман болып кетті ғой шіркін. Бұрын әшші су ағады деп не істерімізді білмей жүргенде, оғанда жетеалмай қалдық. Ол білесіздер ғой бүйрекке, асқазанға, одан әрі жүрекке ішке құрылыстардын бәріне әсер етеді. Енді Сіздерден өтініп сұрайтынымыз су мәселесін шешіп берініздерші. Ауылдағы ауылдастырыма және қарт әке-шешеме бір қуаныш болсын. Алдын ала үлкен рахмет айтамыз. Ауылдасым Өмірханов Өмірзақ Мыңбайұлы сот.тел: 87777697545.