Министерство энергетики Республики Казахстан ответ от (10.06.2016) на обращение от (02.06.2016) № 439819
Құрметті, министр мырза! Мен, Астана қаласының Алматы ауданына қарасты Қоянды массивіндегі саяжайдағы,Экспресс қоғамдастығындағы Зеленая көшесіндегі жеріме үй салғанмын.Жолдасымның денсаулығы нашар. Қалада 3 балам жұмыс жасайды. Қаладан үй алуға мүмкіндігіміз жоқ.Сол жерге тұру үшін онда не су, не электр желісі жүргізілмеген. Көршілес қоғамдастыққа электр желісі бар. Оған қосылуға 300 000 теңге қажет дейді. Бұған қаражат жағынан қиналудамыз. Біз сияқты тұрмыс жағдайы төмен бірнеше отбасы сол саяжайда тұрақты мекендеп жатыр. Оларға ешқандай жағдай жасалмаған. Сондықтан күз, қыс және көктем мезгілінде балалар қала ішінде қымбат бағаға пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Сіздерден өтініш: Егер тұрған жерімізге су мен электр жүргізілсе, ешкімнен көмек, пәтер сұрамай-ақ өз үйімізді салып, жағдайымызды жасар едік. Бір балам үйленген, немереміз бар. Жалдап тұрған пәтерінде жағдайы нашар болғандықтан бала жиі ауырып қалады. Қарапайым халыққа көмек қолын созуларыңызды сұраймыз. Біз де өз ұрпақтарымыздың ел қатарлы жайлы үйде өмір сүргенін қалаймыз. Астана қаласының әкімдігіне осы өтінішті жолдаған едім.Олар бұл біздің құзырымызға кірмейді деп жауап берді.Сонда бұл мәселені кім шешеді?! Үлкен үмітпен хат жолдаушы: Саяжай иесі Бейсебай Нурзия.