Акимат туркестанской области ответ от (31.10.2017) на обращение от (30.05.2016) № 439624
Оңтүстік Қазақстан Облысы әкімі Атамкулов Бейбут Бакирович мырзаға Шымкент қаласы, Лермонтов көшесі, 1 б үйдің тұрғыны Иманкулова Кулаштан Құрметті Бейбут Бакирович! 2016 жылдың 04 қаңтар күні жоғарыда көрсетілген мекен-жайда кәріз құбыры жарылу салдарынан апат орын алып, төтенше жағдай жарияланған болатын. Арадан 5 айдан аса уақыт өтті. Жергілікті билік үй алып береміз деп уәде берді, бірақ айналма кәріз құбырын салғандықтан үй берілмейтін болып шешті. Бүгінгі таңда айналма кәріз құбыры тек басты жолдың аумағын қамтығандықтан, қалған аумақтардың қалдықтары жарылған құбыр арқылы үйдің ойық жеріне келіп құйып жатыр, үй құлаудың үстінде тұр. Осыған орай 2011 жылы Бозарық елді мекенінде ұлым Мейірбеков Серік жер алып үй салып біткен кезде, мемлекет ол жерге мектеп саламыз деп, жерімізді соттың шешімі шығып алып, бізге тек жерді алған ақшамызды беруді жөн көрді. Ол бөлінген ақшаны біз алған жоқпыз. Өтінішім, сол жерді бізге мемлекеттің қайтарып беруіне ЫҚПАЛ ЕТУІҢІЗДІ СҰРАНАМЫН. Кәріз құбырын толығымен жөндеп бітпесе, үйіміз құласа далада қалайын деп тұрған жайымыз бар.Приложения:2015-11-24-20-03-33-264.jpg