Министерство Юстиции Республики Казахстан ответ от (01.06.2016) на обращение от (26.05.2016) № 439434
Мен, Есбергенов Рауан, "Ата Заң" корпорациясы" ЖШС басшысымын. Құқықтық қызмет көрсету шеңберінде Байқоңыр қаласындағы аудандық әділет басқармасына Сенім білдірушілер Итемиров Алпысбай мен Байдаулетова Аманкул арасында жасалған Сыйға тарту шартын ҚР "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" заңының 21-бабының 4-тармағы негізінде тексеру үшін ұсынған болатынбыз. Алайда, өзін дұрыс таныстырмаған Әлібек деген маман өкілге берілген сенімхаттың қосымша тапсырмалар берілген бөлігінде "Қазалы аудандық әділет басқармасы" деп жазылған деп, тексеруден негізсіз бас тарптып отыр. Сенімхатта сыйға тарту және сыйды алу өкілеттігі, тиісті сыйға тарту шартына қол қою өкілеттігі берілген көрсетілген. БІрақ, ол өзіне мемлекет сеніп тапсырған қызметті асыра пайдаланып отыр. Негізсіз кедергі тудырып отыр. Сенімхат ҚР АК-нәң 167-бабының 1-тармағына сәйкес жасалған. ҚР АК-нің 510-бабының 5-тармағының талабына сай Сенімхатта сыйды алушының аты-жөні көрсетілген. Сыйға тарту өкілеттігі берілген. Сондай-ақ сенімхаттың қосымша тапсырмалар берілген бөлігінде "мемлекеттік органдарда" өкілдік етуге өкілеттік берілгенін көрсеттік. Байқоңыр аудандық әділет басқармасы мемлекеттік органға жатады. Осылардың бәрін біле тұра Шағын кәсіпкер субъектісне әдейі кедергі тудырып отыр. Сағат 10:00 бастап мемлекеттік қызметкердің алдында 1 сағат сарылып тұруға мәжбүр болған. Осыларға байланысты алдағы уақытта Ел басының сенім білдірген мемлекеттік билікке халықтың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің сеніміне күмән келмес үшін тиісті шара көруіңізді сұраймын. 8 701 444 78 26