Құрметті Амандық Ғаббасұлы! Соңғы кездері Тенгриньюс, НұрКЗ ақпараттық порталдары әлеуметтік желілер арқылы Қазақстан азаматтарына Жер Кодексінің 50 бабында көрсетілген Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін мемлекет тарапынан берілетін 10 соток тегін жер беру үрдісінің жанданатыны туралы ақпарат таратылған болатын, Республиканың 7 регионында берілетін жер аумақтары даярланып жатқаны да айтылды. Аталған аумақтардың ішінде Алматы облысында да жер телімдері берілуге дайындалып жатқаны айтылды. Осы ақпаратқа байланысты, егер рас болса, Алматы облысының қандай аудандарында беріле бастауы мүмкін екені туралы Сізден нақты ақпарат беруіңізді сұраймын. Жауабыңызға алдын ала алғыс білдіремін.