Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (31.05.2016) на обращение от (24.05.2016) № 439324
Құрметті Ерлан Кенжеғалиұлы!Қайырлы күн!Менің есімім Серікжан, Астана қаласының тұрғынымын. Сізге балабақшаға мәселесіне қатысты өтініш жазып отырмын. Менің ұлым Ерасыл 18.01.2015 жылы дүниеге келген еді. 28.01.2015ж. күні мен Сәтпаев к-сі 25 (бұрынғы Мирзояна) мекенжайында орналасқан Алматы аудандық ХҚҚО (ЦОН) орталығына ұлымның құжаттарын тапсырып, балабақшаға кезекке қойдым. Кеше кездейсоқ egov.kz порталынан мекенжай анықтамасын алу кезінде баламның орыс тілді балабақшаға кезекке қойылғандығын көріп қалдым. "Желаемый язык обучения - русский" дегенді оқып таң қалдым, өйткені мен ХҚҚО-ға құжат тапсырған кезде менен ешкім қай тілді балабақша таңдайсыз деп сұраған да жоқ еді, әке-шешесі қазақ адамның баласын айтпаса да қазақтілді балабақшаға кезекке қояр шығар деп ойлап жүргем. Бүгін бірыңғай 1414 нөміріне телефон шалып, балам неге орыс тілді балабақшаға кезекке қойылған, мүмкін ХҚҚО қызметкері қателескен шығар, олай болса қатесін түзетіп, қазақ тілді балабақша таңдайды деп жазыңыздар деп өтінген едім, оператор қыз: Астана қаласында балабақша тілі таңдалмайды, оқитын тілін автоматты түрде білім беру бөлімі таңдайды деді. Сонда қазақ отбасының баласы орыс тілді балабақшаға, немесе орыс отбасының баласы қазақ тілді балабақшаға түсіп кетуі мүмкін бе?! Әр отбасы өз баласының қандай тілді балабақшаға баратынын таңдай алмайды ма? Мен содан кейін Астана қаласының білім бөліміне сағат 14:30 кейін бірнеше рет телефон шалдым, бірақ ешкім жауап бермеді. Мен Астана қаласында балабақша тілі "автоматты" түрде таңдалады дегенді түсінбедім, бұл ата-аналар үшін артық стресс, артық "волокита", өйткені бұл мәселені шешу білім басқармасы мен білім бөлімінің табалдырығын тоздыру керек. Бұл сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын жағдай деп білемін. Ерлан Кенжеғалиұлы, Сізден осы жөнсіздікті дұрыс жолға қоюға, ата-аналарға балабақша тілін өздерін таңдатуға және ұлымның қазақ тілді балабақшаға кезекке қойылуына ықпал етуіңізді сұраймын. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті мерзім ішінде жауап берулеріңізді сұраймын. Ұлымның деректері: Бахытжан Ерасыл, ИИН-150118501042. Мекенжайым:Сәтпаев к-сі, 8 үй. тел. 8 707 858 81 01. b.serikzhan@mail.ruПриложения:Статус заявки.JPG