• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Министерство национальной экономики Республики Казахстан ответ от (02.06.2016) на обращение от (23.05.2016) № 439240
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Министерство национальной экономики Республики Казахстан ответ от (02.06.2016) на обращение от (23.05.2016) № 439240

Вопрос
Құрметті Қуандық Уәлиханұлы! Мен, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамының «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы ретінде, сатып алу құқығымен жалға беру нұсқасымен Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылындағы «Асыл арман» тұрғын үйінің тұрғыны Абикеева Алиямын. Аталған бағдарлама көптеген қазақстандық үшін тұрғын үй мәселесін шешу жолындағы қолайлы мемлекеттік бағдарламалардың бірі болса керек, олардың ішінде: пәтерді аңсап жүріп қол жеткізген әлеуметтік жағдайы мәз емес (орта және ортадан төмен жалақысы бар) қарапайым халық тапқан-таянғанын ұзақ уақытқа жалға алынған пәтердің ай сайынғы сомасын төлеуге ғана мұршасы бар. Сонымен қатар, Жалға алушының тиісті төлемдер қатарында жалға алған уақытына (15 жыл бойы) заңды тұлға ретінде есептелген салықты (жыл сайын 180 000-ға жуық сома) төлеу міндеті мойнына ілініп отыр. Осы «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қазақстандықтар тұрғын үйді «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы және «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы арқылы бірдей мiндеттемелерге сүйене отырып, ұзақ уақытқа алса, мемлекет қазынасына құйылатын салықты біріне «заңды тұлға» ретінде саналып, біріне «жеке тұлға» ретінде саналғаны қалай? Осындай мемлекеттік бағдарлама тұрғындардың әлеуметтік наразылығын тудыруда, яғни біреуге бұл қол жетімді, енді біреуіне қол жеткізбес пәтерге айналмақ болды. Заңды тұлға шығынын жеке тұлға көтере алмайды. Баспанамның нақты иесі болмай тұрып, 15 жыл бойы әділдіксіз есептелген салық сомасын төлеу мүмкін емес. Айтылғанға байланысты, «Өңірлерді дамытудың салалық бағдарламасының қатысушысы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарттары бойынша осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде берілген салық салу объектілері бойынша салықтарды жеке тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 793 бұйрығына өзгертулер енгізуіңізді, атап айтсақ, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамын бұйрықта көрсетілген тізімге қосуыңызды сұраймын.Приложения:20140910_133424.jpg