• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Министерство труда и социальной защиты населения РК ответ от (30.05.2016) на обращение от (18.05.2016) № 435095

Вопрос
Құрметті Тамара ханым! Мен Абубакирова Қалдыгүл Сатылханқызы (қыз кезімдегі аты-жөнім Тастанқұлова Қанткүл Сатылханқызы, Мәдениет ауылынан) ОҚО, Сарыағаш қаласы, Сұңқар көшесі №5 үйде тұрамын. Күміс алқалы анамын. Менің 12.04.1989 жылы туылған екінші ұлым Абубакиров Қайрат Абдумаликович тұқым қуалайтын "Острое шизофреноподобное психотическое расстроиство (Ось - І - ІІ) Ф - 23,2" деген диагнозбен ауырады. Баламның ауруын мектеп қабырғасында жүргенде, 14-15 жасында байқадық. Өсе келе ауруы қатты қозып, өзіне-өзі қол жұмсап уксус ішкен, одан жансақтау бөлімінде зорға аман қалған. Содан 2011 жылы кеселі зорайып бой бермей кеткен соң, үйде байлап ұстадық. Содан соң аудандық психиятормен бірге облыстық психбольницаға апарып жатқызғанмын.Ол жерде Қайраттың ауруын, ұрық қуалайтын тума кесел, жыл өткен сайын кеселі ұлғая береді деген. Өйткені бұл кеселмен күйеуімнің әкесі, әпкесі, ағасы ауырып қайтыс болған. Қайрат Шымкенттегі психбольницада 2,5 ай емделіп, осы шизофрения диагнозымен шықты. Емханадан шығарған кезінде аудандық психиятр қатаң бақылауына алып, ем шара жасасын деп шығарған. Содан бері мен осы баламен әлек болып үйден шыға алмаймын. 3 жылдан бері ешқандай ем алған жоқ, себебі қаржым жоқ. Мұнан басқа 5 перзентім бар. Менің өтінішім, осы балам Қайрат 07.02. 2015 жылы болған қылмыстық оқиғада Аятов Сейітханның өліміне себепті деп қамалып кетті. Қайраттың ауруы сол кезде қатты қозып кеткендіктен, мен соны емдету үшін қаржы табамын деп базарға шығып кеткенде оны Бауыржан мен Ако деген балалар шақырып ішкізіп, өз мақсаттарына пайдаланған. Себебі оның кеселі жөнінде жақсы білетін. Оның біреуі бостандықта қалып, өз ісіне жауап бере алмайтын менің балам қамалып кетті. Бүгінде Ақтөбе облысындағы түрмеде жатыр. Шындық іздеп шырылдап баламды емдетуге алып қала алмадым. Өйткені менің қолымда диагноздары, емханаға жатқандығы туралы анықтамалары болғанымен, көк қағазы болмады. Телефонмен баламмен сөйлескенде ұйықтай алмай басы қатты ауыратынын айтады, Оның ауруын дәлелдеп Шымкенттегі психбольницаға өткізуге көмектесуіңізді үлкен үмітпен күтемін. Балам Қайраттың қазіргі толық мекен-жайы: КР ІІ М ҚАЖ Комитетінің "КА - 168/5 мекемесі" Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жем қаласы, Унучко көшесі, 5 Индекс: 031300