Министерство национальной экономики Республики Казахстан ответ от (02.06.2016) на обращение от (18.05.2016) № 435092
ҚР Ұлттық экономика министрі Қ.У. Бишимбаев мырзаға Әуез Досқалиұлы Жұмақанов, тұрағым: Ақтөбе қаласы, Бөкенбай- батыр көшесі 22-69. т. 24-65-66 басқада қала тұрғындары Ұжымдық арыз Құрметті Қуандық Уәлиханұлы! Біз Ақтөбе қаласы тұрғындары, сонын ішінде 11-ші микроауданда орналасқан №№ 32, 35, 37 орта мектебінің ата-аналары көктем бастала үш мектептің ортасында тұрған стадионды құлатып жатқанын көріп наразылық білдірудеміз. Стадионды құлатып жатқан жұмысшылардың айтуы бойынша қала сонымен қатар облыс әкімдігі бұл жерді бір жеке кәсіпкерге («Казакстантрубопром» ЖШС-не, бұл ЖШС-нің иесі В.Щегельский Ақтөбе қаласының 2000 жылдары бұрынғы әкімінің орынбасары) берген. Бұл стадионда 25-30 жыл бойы кысы, жазы осы үш мектептің оқушылары дене шынықтыру сабақтарын өткізетін еді. Қыста шаңғы, коньки тебеді, жазда кросс жүгіреді, үлкен футбол ойнайды. Кешке қарай жан-жақтағы үйдің балалары, жастары жиналып футбол ойнайды. Осы ауданда тұратын тұрғындары да демалып, спортпен айналысатын және серуендейтін орыны еді. Яғни стадион қаланың 11,12 микроауданы және «Москва» ауданы халқының, жастарының салауатты өмір салтын ұстануына көп ықпал ететін еді. Ал енді мұз сарайы салынса балаларымыз таза ауада дене шынықтыру сабағын қайда өткізбек? Мектептің маңайында басқа стадион, бос жер қалмады. Көктемгі, күзгі жылы күндері мектептің спорт залында тымырсық ауада сабақтарын өткізуге мәжбүр болады. Болмаса мектептің тап-тар асфальтталған ауласында айналып жүгіреді де қояды, ештене ойнай алмай. Болмаса сотталғандардың колониясындағы тәріздес тормен қоршалған кішкентай ғана минифутбол аланында ойнайды. Олай өсірген жастарда денсаулық қайдан болады? Жәнеде сабақтан бос уақытында кешке қарай футбол, волейбол ойнай алмайды. Кезкелген отбасының баласына күнде мүз айдынына бар деп 1000-2000 теңге бере алмайды. Сонда жастарымыз не істемек? Топтасып бір жерде отырып, шылым шегіп, арақ ішіп, түрлі бұзақылық жасауына жол беріп отырған жоқпыз ба осы іс-әрекетімізбен? Қазақстанның болашағының тамырына балта шауып отырған емеспіз бе ? Осы жастар 20-30 жылдан кейін ел басқарады, еліне қызмет етеді. Сол еліміз 20-30 жылдан кейін қандай болуы бізге, жастарды тәрбиелеуімізге байланысты. Осы тәрбиемізден ұялып, ертең балаларымыздың, немерелеріміздің көздеріне тура қарай аламыз ба ? Сонда Елбасымыздың жыл сайынғы халыққа жолдауындағы салуатты өмір салтын ұстануға халыққа жағдай жасау керек дегеніне жергілікті биліктің іс-әрекеті ме? Болмаса Қазақстан Республикасының Үкіметінің күні кеше ғана қабылдаған «Мәңгілік ел» патриоттық актісіндегі халықтың салуатты өмір салтын ұстануға ықпал етуге дегеніне жергілікті биліктің ықпалдығы ма? Бұл жерде тек жеке кәсіпкерге ақша көбірек өзіне түсіруіне жергілікті билік ықпал етіп отыр. Қаладағы бұл аудан оңсызда тығыз құрылыстырылған. Кеңес үкіметі кезінде салынған үйлердің қасына былтыр ғана үш 25-қабатты үй және 5-подъездді 16 қабатты үй салынды. Енді солардың қасына тағы мұзсарайы салынады. Сонда сол үйлердің балалары қай жерде ойнайды, халқы қай жерде демалады, серуендейді, спортпен айналысады, үй жануарларын қай жерде қыдыртады? Кеңес заманында соны ойластырылып салынған ғимараттар емес пе. Ал кәзір жергілікті билік сәл кішкене ашық жерді үй араларында көрсе соны бір жеке кәсіпкерге беруге асығады. Неге екені??? Халық пайдалансын, соған қаражат жинайық деп балалар үшін, халық үшін саябақ болмаса спорт аланын салайық деген сөзді жергілікті биліктен естіген емеспіз. Мұз сарайға келген автокөліктер қайда тоқтайды, сарай алдында халық қай жерде жиналады? Сонын бәріне орын керек емес пе? Ал ол жерде ондай орын жоқ. Келген автокөліктер сол жердегі көп қабатты үйлердің аулаларына тығылуға мәжбүр болады. Осының бәрі Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің талаптарын, санитарлық нормаларын бұзып тұрған емес пе. Осы заң бұзушылықтарға қарамастан жергілікті билік сондай тар жерге жеке кәсіпкердің мүддесі үшін, халық және балалардың денсаулығына немқұрайлық танытып мұз сарайын салуға рұқсат беріп отыр. Ал Сіз басқарған министрлігінің қызметкерлеріде осы құрылысқа рұқсат берген. Мұз сарайының құрылысы мемлекеттік құрылыс стандарттарға сәйкес келе ме? Ақтөбе қаласында 2000 жылдары көп қабатты үйлерінің ауласына тығыстырылып, балалар ойнайтын аландарын, спорт аландарын ысырып тастап, көп элиталы үйлер салынған еді. Жергілікті халықтың наразылығына қарамастан және экологиялық Кодекске, құрылыс нормаларына, ережелеріне қайшы болсада. Сол кездегі құрылыс министрілігі қалай қолдап, рұқсат бергені түсінексіз. Ондай құрылыстар қалада тиылғасын, ол жайттар мәңгілікке кеткен шығар десек. Облысқа, қалаға жаңа әкімдер келіп көктем келе қала үйлерінің ауласы қайта тығыстырыла басталды, Ақтөбе қаласының әкімінің бұрынғы орынбасары В.Щегельскийдің қатысуымен. Бұл кездейсоқ жағдай ме екен? Оны біз білмейміз. Құрылыс комитеті тағыда рұқсат беріп отырғаны түсінексіз? Тағы бір мәселе, бұл стадион №32 орта мектебіне тиесілі. Мектеп мемлекеттік стандарттарға сәйкес салынды,яғни футбол аланыда,стадионда сол стандарттармен салынды. Енді қандай Заңға сәйкес сол стандарттарды жергілікті билік бұзып отыр? Жекешелендіру Заңы бойынша орта мектептер жекешелендірілуге жатпайды. Ал сонда орта мектептің жерін бөліп Заңға қайшы жеке кәсіпкер қалай алады? Түсінексіз? Әлде жергілікті билікке жеке кәсіпкер мүддесі үшін Заңды бұзуға бола ма? Әрине мемлекеттік мекемеден жерді тартып алу жергілікті билікке оңай, қала әкімдігіне мектеп әкімшілігі қарсы келмейді,орынымнан айырылып қалармын деп.Керісінше мұз айдыны бізге керек деп шығады. Бірақ мектептің жерін бөлу директордың болмаса қала әкімінің құзырына жата ма? Мектептің құрылыс нормалары мен ережелері бар емес пе. Осы заң бұзушылықтарды қарап мұз сарайын салуының заңдылығын тексеруіңізді сұраймыз. 11 микроауданда қысы-жазы істеп тұрған мұз айдыны бар, ол «Мега- Ақтөбе» ойын-сауық орталығында. Ал қалада мұз сарайы болуына біз қарсы емеспіз. Бірақ ондай құрылыс үшін қалада жер жеткілікті. Қалада бір неше жылдан бері қоршалып бос жатқан жерлер көп. Мысалы сол 11 микроаудандағы «Қазақтелеком» ғимаратының қасында, 12 микроауданда «Дастан» қонақ үйі қасында, «Халық банк» ғимаратының қасында 10 жылдай қоршалып бос жатып, кәзір автотұрақ жасалды,бірақ автокөліктерде ол жерде тоқтамайды. Қалада жаңа микроаудандар көтерілуде, сол микроаудандардан мұз сарайын салуға болмас па еді, балалардан стадионды тартып алғанша ? Осы арызымызды қарап, мұз сарайы құрылысын тоқтатқызып, балаларымызға стадионды қайтарып беруге ықпал ететіңізге сенімдеміз. Төмендегі қол қоюшылар осы ауданда, қалада тұратын тұрғындар болып қарсылығымызды білдіреміз. Құрметпен қала тұрғындары, барлығы 156 адам: 16.05.2016 жылыПриложения:министрге1.jpg