Аким Алматинской области ответ от (02.06.2016) на обращение от (17.05.2016) № 434967
Салеметсізбе Амандық мырза! Карасу ауылының тұрғындарын 10-05-2016 жылы су алып кетті, кезінде Карасу Қарасу ауылында судың деңгейін түсіру үшін бюджет ақшасына ені мен тереңдігі 2 метр болатын арық қазылған еді, осы жылы Талғар ауданынан техникалар келіп ауылдың оңтүстік жағынан сол арыктың бір болігін көміп, жаңадан көшеден арысырақ арық қазылды. Ол арықтың екі шеті бұрын қазылған арыққа қосылмағандықтан, 10.05.2016 жылы сол жаңадан қазылған арықта су жиналып, ескі арыктың көмілмеген жерінен су үйлерді басып, кейбір үйлердің үй іштеріне су кіріп, сарайлары құлатып, адамдарды біраз әуреге салды. Жаңа арық қазылған кезде, оны тереңдетіп қазбаған, жәнеде арықтың екі шетін, ескі арыкқа қосып ауыл жақ шетін дамбымен көтермеген. Содан бері ауыл әкімдері бұл мәселені шешетін болып уәде беріп кеткен еді. 16.05.2016 жылы су одан ары көтеріліп, ауылды тағы да су алып кетті, Талғар ауданы бұрынғы арықты көміп тастап, ол жерлерді жеке меншікке сатып жатыр, бұрын жалға берілген жерлер қалай жеке меншікке өтіп жатқаны белгісіз...Приложения:Карасу.jpg