Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (23.05.2016) на обращение от (13.05.2016) № 311232
Сәлеметсіз бе, Ерлан Кенжеғалиұлы! Мен Кабасова Алия Булатқызы 16 жылдан бері «Бастауыш сынып мұғалімі » болып жұмыс жасап келемін.Санатым-I (13разряд) 1-ші мамандығым"Бастауыш класта оқыту"Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжі үздік дипломмен аяқтадым.(1997-2000жж) 2-ші мамандығым "Педагогика және психология"Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті(2000-2005жж) Атырау облысы, Индер ауданы ,Есбол селосындағы Кулагино орта мектебінде 2000-2013жылдар аралығында « Бастауыш сынып мұғалімі» болып жұмыс жасадым.2013жылдың қыркүйек айынан бастап ,жанұя жағдайыма байланысты Атырау қаласындағы № 6 орта мектепке« Бастауыш сынып мұғалімі» болып жұмысқа орналастым.2015-2016 оқу жылының қыркүйек айынан бастап G-9 бен төленген еңбек ақымды, G-11ге түсіріп тастады.Себебі: Менің жоғарғы мамандығым «Бастауыш сынып мұғалімі » болмағандықтан.Мектеп басшыларының іс-әрекеті дұрыс па?Бұл жағдайда менің еңбек ақым қалай төленуі керек?Мен жоғары білім маман қатарына жатамын ба?Қандай қаулы,қандай бұйрық,қандай заң негізіне сүйену керек?Осы еңбек ақы мәселемді шешіп беруіңізді сұраймын.Егер де, жоғары маман қатарына жатсам,төленбеген еңбек ақымды алуға мүмкіндігім бар ма?