Қайырлы күн құрметті министр! ҚР Еңбек кодексінің 52 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына сүйене отырып, Жұмыс берушінің тарапынан Жұмыскермен еңбек шарты бұзылған болатын. «Аттестациялық комиссияның қорытындысы жоқ, яғни заңсыз еңбек шарты бұзылды» деген негізбен Еңбек инспекциясына тексеру жүргізу туралы Жұмыскер өтінішпен жүгініп, нәтижесінде еңбек шартын бұзу туралы бұйрық заңсыз деп танылды. Жұмыскер жұмысқа қайта алынды. Сұрақ: Жұмыскер 16.02.2015 жылы жұмысқа қабылданып, 18.01.2016 жылы жоғарыда аталған негізбен жұмыстан босатылды. Ұйымның ұжымдық шартында еңбек демалысы алғашқы жылы 11 ай толғаннан кейін беріледі деп көрсетілген. Бірақ, Жұмыс беруші еңбек демалысын бермей, жұмыскермен түпкілікті есеп айырысуды жөн көрді. Жұмыскер өз орнына қайта алынғаннан кейін 2015-2016 жұмыс жылының еңбек демалысын ала ала ма және сауықтыру жәрдемақысымен бірге? Жауабыңызға алдын ала рахмет.