• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (23.05.2016) на обращение от (12.05.2016) № 311169
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (23.05.2016) на обращение от (12.05.2016) № 311169

Вопрос
ҚҰРМЕТТІ, ЕРЛАН КЕНЖЕҒАЛИЕВИЧ! Мен, Серікбай Әйгерім, Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің № 12 М. Әуезов атындағы ОМ-де зертханашы лауазымында қызмет атқарамын, дипломым бойынша стандарттау, сертификаттау және метрология. Сізден, өтінерім сұрағымды толық қамтуыңызды сұранамын. Алдын ала рақметімді айтамын. Бірінші сұрағым: «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 бұйрығында -Білім беру ұйымының (физика, химия, биология, информатика кабинеттері) зертханашысының біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім делінген. Осыған байланысты, мен, мектепте зертханашы лауазымында қызмет атқаруым үшін диплом бойынша қандай мамандық болуы керек және жоғарыда көрсеткен дипломым бойынша қызмет атқара аламын ба? Екінші сұрағым: «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығына сәйкес Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бойынша білім беру ұйымдарындағы зертханашы БУЫН В3 және С2 көрсетілген, осыған байланысты, маған төлем ақы қандай буынмен төленеді және осы білім беру ұйымдарындағы зертханашы жоғарыдағы № 123 бұйрық бойынша Әділет министрлігінде тек қазақша тілінде ғана Буын С2-де көрсетілген. Бұл кемшілік осыған жауапты қызметкердің қателігі ме? Не үшін орыс тіліндегі жариялымда көрсетілмеген? Зертханашының төлем ақысы нақты қай буынмен төленеді? Үшінші сұрағым: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығының 4 тармағына сүйенсек, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі делінген, яғни 2016 жылдың 15-ші сәуірінен бастап. Осыған қарамастан білім бөлімі зертханашының төлем ақысына қайта есептеуді 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жасаймыз дейді, себебі зертханашы жылдың басынан Буын С-ға жатқызылған, ал қазір ВЗ Буынына отырғызуы заңды ма? Не себептен № 123 бұйрықта зертханашыны Буын бойынша В3-ке және С2-ге отырғызған?