• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Министерство обороны Республики Казахстан ответ от (26.05.2016) на обращение от (11.05.2016) № 311163
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Министерство обороны Республики Казахстан ответ от (26.05.2016) на обращение от (11.05.2016) № 311163

Вопрос
Құрметті Иманғали Нұрғалиұлы! Сізді 7 мамыр Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанымен және Ұлы Жеңістің 71 жылдығымен құттықтаймыз. Бәрімізге ортақ Отанымыздың өркендеп дамуына үлкен үлес қосқан еңбегіңізді, әрдайым бағалап мақтан тұтамыз. Біздер Сізге 2016 жылдың 3 мамырында №310934 өтініш көмек сұрап жазған болатынбыз. Сіздің жұмысыңыздың әр сағаты жоспарланып, алтын уақытыңыз бәріне бірдей жетпейтіндігін әрине түсінеміз. Алайда, біздің жан айқаймызға тек Сіз ғана шешімін тауып, әділдік орнататыз деген ойдамыз. Біздер, Атырау қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктілген басқарманың бұрыңғы қызметкерлері: Есенова З.Қ. сол басқармада 19 жылға жақын еңбек өтілі; Тлешева Ж.Е. сол басқарамада 18 жылға жақын еңбек өтілі; Қ асанғалиева Р.И. сол басқармада 16 жылға жақын еңбек өтілі; Кишкинегулова Ж.А. сол басқармада 8 жыл еңбек өтілі; Жанжулова А.У. сол басқармада 8 жыл еңбек өтілі бар азаматшалармыз. Сол жылдар бойы мол тәжірибе жинақтап, бұрынғы басшыларымыздың бастауымен адал еңбек етіп, ыстығы мен суығына төзіп, кездескен қиындықтардың шешімін лезде бірлесе тауып, талай жеңістіктерге жетіп, әр-түрлі дәрежедегі марапаттар мен мақтау қағаздарына ие болдық. Ал бүгін осылай заңсыз жұмыстан шығарыламыз деп ойламаппыз...., ол бізге өте ауыр соққы болды. Сонда біздің еңбегіміз бағаланбағаны ғой, ақиқат пен әділет деген түсініктер мүлдем жоқ болғаны ғой..... 2015 жылдың қараша айында тағайындалған басшы подполковник Б.Жумагулов мырза, жергілікті әскери басқару органында бұрын соңды жұмыс жасамаған, сол салада тәжірбиесі жоқ, біздің еңбегімізді қалай бағалайды, айтыңызшы ????? Әлде ол мырзаға біздің бет бейнеміз, жасымыз, мүмкін мол тәжірбиелі маман болғанымыз ұнамадыма білмейміз, кәзір біздер сол мырзаның арқасында жұмыссыз болып қалдық. Жумагулов мырза келгелі тек дауыс көтеріп айқайлағанын, жекіргенін көрдік. Әрбір сөзінде бәріне бірдей жұмыстан шығыңыз, сіздердің орныңызға басқа жас, әдемі, сауаттыз болсада жастарды аламын деп айтып, қызметкерлерді жұмыстан өз еркімен шығуына ықпал етіп, психологиялық қысым жасады. Сол қысымға шыдамай бұрынғы қызметкер Сартаева А. жұмыстан өз еркімен шығып кетті. Ал ол азаматша жалғыс басты ана және баласы бірінші топтағы мүгедекке құжаттар тапсырып жауабын күтіп отыр. Сонда біздің еліміздегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматардың мүдделерін кім қорғайды. Б.Жумагулов мырза егер қызметкерлер 10 жылдан астам бір жерде жұмыс жасаса ол «бюрократизм» деген бір сөзінде. Ал кәзір біздерді шығару себебін ол былай түсіндіріп жүрген көрінеді. Біздер көп жылдар бойы бір жерде жұмыс жасап, қандайда бір өзіміздің мүддеміз үшін «Ескі жүйе (система)» құрып соның мүшелері екенбіз. Ол қандай жүйе, егерде біз заңсыз әрекеттерге барған болсақ, бізді құзырлы бақылаушы органдар тексермей ме, біздің заңсыз әрекеттерімізді әшкерлемейме? Әлде осы жылдың қаңтар айында біздің басқармада болған келеңсіз жағдайдайларға біздің қатысымыз бар деп ойлайма? Ол келеңсіз оқиғаға қатысты азаматтар біздің басқармада аз ғана еңбек етті, ол азаматтармен ешқандай қарым-қатынасымыз жоқ. Ал ондай жағдайлар өкінішке орай еліміздің әр облыстарында да қайталанды, сонда ол облыстарда біздер сияқты көптеген жылдар еңбек атқарған азаматтық қызметкерлерді біздер сияқты жұмыстан заңсыз қудалап жатыр ма? Әлде біз түсінбейтін, бізге білуге болмайтын саясат па? Бір мекемеде жұмыс жасаған, бір салада мол тәжірбе жинақтап, сол саланың маманы болған айып па, әлде заңсыз әрекет пе? Ол мырзаның пікірінше әр түрлі салада жұмыс жасауымыз керек пе? - бірақ ол әр азаматтың өзінің құқысы деп ойламыз. Ал егерде "бюрократизм" болса, он жылдан астам бір жерде жұмыс жасауға болмайтын болса, неге сол басқармада басқа қызметкерлер әлі күнге дейін жұмыс істейді және олардың еңбек шарттарында неліктен белгісіз мерзімге жасақталған? Мысалға: қызметкер Юдина Ю.Ф. сол басқарманың кадр бөлімінде 12 жылға жақын қызмет атқарады, 2015 жылы запастағы офицерлердің есебі және кадр бөлімінің бастығының лауазымын атқарды, сол қызметкер өз лауазымын асыра пайдаланып заңсыз әрекетке барып, өзінің еңбек шартын белгісіз мерзімге жасақтаған. Ал жалғыз басты ана Ж.Е.Тлешеваның еңбек шартын белгісіз мерзімге неге ұзартпаған? 2014 жылы Ж.Тлешеваның 2013 жылы туылған қызы, 3 жасқа толмаған болатын, ол әрекет Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамаларын өрескел бұзғандығы. Егерде біздер бос жұмыс жасамай жүрген болсақ, тек өзіміздің мүддемізді ойласақ, онда біздің басқарма 2014 жылдың және 2015 жылдың қортындысы бойынша «Қазақстан Республикасының ең үздік қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» деген атақ аларма едік. 2015 жылдың наурыз айынан қараша айына дейін біздің басқармада басшы болмаған, бастығымыздың міндетін уақытша атқарған бұрынғы капитан М.Орынбеков болды. Сол басшымыздың және жеке құрамның адал еңбектері арқасында бұл сайысты ұтып алдық деп ойлаймыз. Ал кәзір, подполковник Б.Жумагулов қайта құрғалы отырған «жас, әдемі, сауаттыз болсада» деген жеке құраммен ондай жетістіктерге жететіне күмәніміз бар. Оған себеп, Жумагулов мырза бұрынғы қызметкер А.Сартаеваның орнына алған қызметкер А.Амирова жай саптық бұйрықтарды қателіктермен орындайды. Оған себеп, біздің №51 2016 жылдың 30 сәуірінде шыққан заңсыз жұмыстан босату туралы бұйрығы. Мазмұнындағы қателік «Еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты 2016 жылдың 30 мамырынан бастап ҚР Еңбек кодексінің 49 бабының 2 тармақшасына, 51 бабтың 1 тармағына сәйкес белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты жұмыстан босатылсын және есептесуі жүргізілсін» деген. Сонда бұл қалай болғаны? Сонда бұл қызметке сауатсыз, білімсіз адамдарды тек адамның бет-әлпетіне қарап жұмысқа ала беруіне бола ма? Басқарманың азаматтық қызметкерлеріне жалақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылдың 27 қаршасындағы №957 Қаулысына сәйкес төленеді, сол себепті мемелекеттік қызметкерлерге теңестірілген, ал мемлекеттік қызметкерлер білімді, сауатты, заманға сай болуы міндетті. Тағы да айта кететін жағдай бұл заңсыз бұйрықтың шыққан күні, күнтізбе бойынша 30 сәуір сенбі күніне келіп тұр. Ал сенбі күні басқарамада үй-жайлық кбелгісіз мерзімге жасақталғанүн болып есептеледі бұл тек әскери қызметшілерге жұмыс күні болып есептеледі, саптық бұйрықтар ол күні әдетте шықпайтын, себебі басқарманың кадр бөлімінде әскери қызметшілер жоқ, тек азаматтық қызметшілер қызмет етеді, ал оларға демалыс күні болып есептеледі. Сонда бізден тез құтылу үшін сол күні заңсыз және ҚР Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес емес бұйрық шығарған. Бұл бұйрық қазақ тілінде болғасын Жумагулов мырза мән бермеген болар. Себебі қазақ тілін түсінбейді.. Біздің көп жылдар бойы әскери салада адал еңбек етіп, әділеттіз, заңсыз, еңбек шарттарымызды басшымыз немесе кадр бөлімің мамандары өз мүддесіне заңсыз түзетіп, бізді қиын қыстау, қаржы дағдарысы кезінде тұрақты жалақы көзінен айырып отыр. Айтайын дегеніміз, Қазақстан Республикасының Заңнамаларын талаптары орындалмауы, тек қағаз күйінде қалатынындығы. Жай қарапайым азамат немесе азаматша өзінің құқығын қорғау үшін тек жоғарғы билікте үлкен лауазымды адам болу керек екенін түсініп отырық.... Мүмкін Сіз бұл өтінішімізді оқып қарапайым азаматшалардың құқығын қорғап, біздің бойымызға сенім үмітін қайта ұялататын боларсыз....   Құрметпен: Есенова Зайда Кадыргалиевна Тлешева Жанаргүл Ербулатовна Касангалиева Райхан Илиясовна Кишкинегулова Жаныл Абуовна Жанжулова Альбина Уасиховна 11 мамыр 2016 жыл