Министерство труда и социальной защиты населения РК ответ от (01.06.2016) на обращение от (06.05.2016) № 311055
Қызылорда облысы Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті Ғ.Мұратбаев көшесі № 1 А үй тұрғыны Бөлекбаев Әділбек Абылайұлы тел.872438-22736,87016411556 adilbek.bulekbaev@mail.ru Ш а ғ ы м Мен 2000 жылдан бастап облыстық онкология орталығында емшек безі астында меңнің көлеміндей дақ жара пайда болып,онкологиялық дәрігерлер байқауында болып,2003 жылы 9 - 23 июнь аралығында ренген саулесімен күйдіріп ем жасап,қайта әр 1 жыл сайын текеріп тұруға бақылауға алды.Төрт жылдан кейін ренген саулесімен емдеген жердің қапталынан қайта дақ пайда болып,онкология орталығына қайта тексеріліп,қайта бақылауға алындым.ОНКОЛОГИЯ орталығына тексерілу кезінде емдеуші дәрігерлер Астана не Алматы қалаларындағы онкологиялық дәрігерлерге тексеріліп,көрінуге және оларда біздің облыста жоқ тексеру құралдары / аппараттар / барын айтып кеңес берді.Алматы қаласында КЕЗЕКТІ тексерілу барысында емшек астындағы дақ безден күрделі,оң жақ бүйректе ісік барын анықтап берді.Бірақ қандай жағдайдағы ісік екенін анықтап бере алмады. Сол мезетте Алматы қаласындағы емханалардан ақылы негізде бірнеше дүркін ем алғаныммен ешқандай натиже болмады. 27.10. 2011 жылы Қытай ҚХР - ның Үрімші қаласындағы мемлекеттік медицинасына барып ақылы тексерілдім.Бас аяғы 5 күнде / Правая почка : Почечно - клеточный рак типа прозрачных клеток,класса ІІ, максималный диаметр опухли 3 см. / - деп,тайға таңба басқандай анықтап диогнозын қойып,жедел ақылы негізде операция жасап оң жақ бұйрегімді алып тастап 27.11.2011 жылы отбасыма оралдым.Олардың айтуы бойынша енді бір ай кешіккенде ісік бүйректің қан тамырына жетіп бақыйлық бола жаздағанымды айтты.Келгеннен кейін облыстағы окологиялық орталыққа есепке тіркеліп ВТЭК ІІ группа мүгедектік тағайындады.Келгеннен кейін 2 жыл химия алып,одан кейінгі кезге химия оте қажет емес деген дәрігерлер кеңесінен кейін химиядан бас тартым.Ал ВТЭК мамандары химия алмағандығымды желеу етіп,сол алмаған жылдан бастап,мені ІІІ группаға түсірді.Кезекті 03.02. 2016 жылы облыстық онкология орталығында тексерілуге барғанымда операция жасаған жағым да,жасамаған екінші бүйрегімде сыздап,шайыншып,ашып ауыратынымды,қантым /сахар /" 11 - 17 " - болатынын қан қысымым 170/100 тұрақты болмай кейде оданда жоғарылап жиі ауырып қалатынымды,мұрнымнан қан кететінін, екі рет аудандық ауруханалардан жатып ем алғанымды айттым /ренген,лабаротория анықтамасымен қоса / онкология орталығына тексерілгенімде қосымша тексерместен жаңадан келген жас дәрігерлер ауылдағы дәрігерлерге көрініп ем ала беруді,келесі жылы қайта тексеріліп кетуге кеңес беріп қайтарып жіберді.БИЫЛҒЫ жылға мүгедектікті қайта тағайындайтын ВТЭК мамандары жағдайыңыз дұрыс сияқты енді мүгедектігің берілмейді - деп,алып тастап отыр.СОНДА қалай,жаңағы жоғарыдағы баяндағандай мазалайтын жағдаймен,ұзақ жаяу жүре алмасам,үш кг нан артық зат көтерме десе, күн астында жүруге болмаса,суық күндері далада жүруге болмаса,санаторилерге баруға болмайтын болса,әлде бір бүйрек қайта қалпына келтіріп бердіме екен?.. Не болмаса қапталынан қайта бүйрек өсіп шығып қалпына келді ме екен,қайдам?...Осы жағын түсіне алмадым. Егемен Қазақстан газетінің 20 қаңтар 2016 жылғы № 11 – ші нөмерінде Қарағанды облысы онкологиялық диспансерінің,медициналық мекемесінің басшысы,білікті хирург Мұратбек Жұмақаев өзінің тілшігі берген сұхпатында еліміз бойынша осы науқасқа шалдыққан адамдарды емдеу көрсеткіші 50% - екенін және операция жасаған адамдарының 5 жылдан жоғары өмір сүрсе үлкен жетістік екенін мақтанышпен айтыпты,демек 100%- пайыз емделмейді,қалған одан жоғары өмір сүру шегі бір аллаға ғана аян – деген сөз. 11.03.2016 жылы Қазалы ауданына Халық денсаулығын тексеруге « Мәңгілік ел » поезы келген болатын,осы поезбен Астана қаласынан келген Онколог,Нефролог,Уролог,маман дәрігерлерге тексерілгенімде,неге емдеуші дәрігерлер тереңірек тексермеген,Сізді операциядан кейін тамографияға жыл сайын түсіріп тұру керек еді – дейді.Тек УЗИ аппаратымен ғана тексерген дегенді айтып.Тамографияға түсуді және Астана не Алматы қалаларындағы ғылыми орталықтарға келіп ақылы негізде тексерілуге кеңес берді. / Тіркелді:тексеру кеңес құжаты – 3 – дана / Менде,кәмелет жасына толғаннан кейін еңбекке араласып мемлекетіміздің өркендеп,өсуіне экономикамыздың нығаюына өз үлесімді қосқанмын. Қосымша алатын емнің өзі ақылы,дәрі дәрмек қымбат,егер мүгедектікке берілетін жәрдем ақы берілсе қосымша болар еді.Сондықтан Қазақстан Республикасының азаматы ретінде мемлекет КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ заң бойынша мемлекет,ел президенті Н.Ә.Назаобаев менің өміріме денсаулығыма он екі мүшемнің кем болмауына, кем болған жағдайда қалпына келтіріп сауықтыруға,болмаған жағдайда әлеуметтік мүгедектік жардемақы беруге кепілдік берген.ӘЛДЕ болмаса мен босқа сандалап отырмын ба? Болмаса ВТЭК мамандары мүгедектікті бәке – сәке,көз қыспайларға үлестірсін деген мен білмейтін заң бар ма? Осы жағын түсіне алмадым.?!...Менің көршім Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті,Ғ.Мұратбаев көшесі № 11 үй тұрғыны Смайлова Күлән ешқандай науқасы жоқ,ақыл есі дұрыс,он екі мүшесі сау, бола тұра осы кезге дейін,ІІ топ мүгедектік алып отыр.Бұл мен білетін бір жағдай.Ал мен кезекті мүгедектікті қайта куәландыру кезінде комиссия алдындағы құжаттар төрт топқа айырылып қойғанын көрдім.Сыртқа шыққасын сол комиссиядан өткелі отырған ,өткен адамдардан сұрастырсам,Бірінші бөлектегі 50 000 - 100 000 / елу мен жүз / мың тенге берген өмірлікке тағайындалатын мүгедектер құжаты.Екінші бөлек тұрғаны 50 000 / елу / мың тенге берген қайта куаландыратын,мүгедектер құжаты.Үшінші бөлек 20 000 – 30 000 / мың / берген жаңадан тағайындайтын мүмкіндігі шектеулі адамдардың құжаты.Төртінші бөлек мүлдем ақша бермегендер,яғни мүгедектігін тоқтататын мен сияқты мүмкіндігі шектеулі адамдардың құжаты екен. Сондықтан Сізден өтінерім: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 30 қаңтар 2015 жылғы бекіткен « Медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы № 44 бұйрығымен реттеледі.( бұдан әрі қағида ) – делінген. Осы қағиданың 23,24,25 – тармақшасындағы.Қайта кәландыру мерзімінсіз мүгедектік тараптарына сәйкес және осы бұйрықтың «Медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы ДСӘДМ 23.12.2015 жылғы № 998 бұйрығымен. « Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы » 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 7 – бабының, 6 ) тармақшасына сәйкес бұйрығының,Медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына : 6 – қосымшада: 3 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын; оның ішіндегі 4) ісік процесінің сатысына қарамастан,хирургиялық және басқа емдеу түрлерінен кейінгі кез келген жерде орналасқан қатерлі ісіктер жатады – делінген.Осы қосымшаға сайкес ВТЭК тен талап етсем,бұл 6 - қосымша 16 - жасқа дейінгі балалар үшін деп отыр.СОНДА қалай 16 - жастан жоғарғы жастар өле берсін дегендеріңіз ба?... Қызылорда ВТЭК тері,Сіздің 30 қаңтар 2015 №44 бұйрығыңыздағы тізбеге/ перченге / енбеген деп отыр.Менің тағдырымды Сіздің бұйрығыңыз шешетін болса,онда парламент депутаттары шығырып,президент Н.Назарбаев қол қойып бекіткен,бірнеше мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін шығарылған Заңның қажеті қанша?...Осы жағдайларға байланысты түсінік беруіңізді өтінемін. Осыған сәйкес Менің ІІ топ мүгедектігімді қайта қалпына келтіріп төлеуге және өмірлікке тағайындап беруге ықпал жасауыңызды,сонымен қатар Қызылорда ВТЭК тің соңғы 4 – 5 жылдық осы комиссия басқа мүгедектерге тағайындаған құжаттарын басқа қала мамандарымен қайта тексеріп,менің осы айтқанымның шын екенін – дәлелдетіп беруіңізді өтініп сұраймын. Шағым иесі : Бөлекбаев Ә.А 06.05.2016 жылПриложения:Фотография 26.08.14 в 1.55 #3_2.jpg