• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (17.05.2016) на обращение от (04.05.2016) № 310984

Вопрос
Аса мәртебелі Ерлан Кенжеғалиұлы!!! Мен ауыл мұғалімімін.Сіздің қағазбастылықпен күресіңіз және басқа да өзгерістеріңізді(ҰБТ рейтингісінің қысымшылығы) өте қуанышпен құптаймыз. Үш тұғырлы тіл туралы идеяыңызға тұпкілікті қарсыда емеспін, бірақ қолдамайтынымды айта кету парызым.Біріншіден, біздің мектеп әдістемелік және материалдық базасы жағынан жұпынылықтан құтылған емес. АКТ құралдары жаңаруды қажет еткелі 10 жылдың жұзі болып қалды. Бұдан 10 жыл бұрын тек 1 мультимедия кабинеті жабдықталған еді, оның өзі тозып бітті. Қысқасы базамыз сәйкес емес. Екіншіден, білгім келгені, кадр даярлығы өз қаражатымыздан ба. Мен физика пәнінің мұғалімімін. Күні кеше ғана функционалдық сауаттылық "ПИЗА"-ға 15000 теңге қалтамнан қаражат төлеп, оқып шыққан едім. Енді сіз ұсынған ағылшынша дайындықтан өтуден тағы қаражат төлеп оқуым міндетті саналады ма екен, даярлықты өткізушілердің өзі сақадай сай болды ма,бізді жақсы маман етіп даярлауға әзірлігі шамалы болса,асығыстықтан не ұтамыз. Соғыс ардагері мен соғыстағы тыл еңбеккерлері ауданымызда азайды. Бірақ сол жандарға көмек желеумен мұғалімдерден ақша жинау тыйылмай келеді.Осындай "жылу" жинаудан мұғалім қашан құтылады екен. Біздің беделіміздің шын жанашыры екеніне СІЗ-ге сенімділікпен қараушы Сидағалиев Қайсар Жалғасұлы. Жоғары категориялы физика пәні мұғалімі.Приложения:pic (1).jpg