• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (05.05.2016) на обращение от (29.04.2016) № 25290

Вопрос
Құрметті Министр! Сізге сауалым: Төрт кезеңнен тұратын, әр кезеңі бірнеше турларды қамтитын жүйелі-сатылы Республикалық пән олимпиадасының(РПО) жүлдегерлері мен оларды дайындаған ұстаздарына неге министрлік тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбейді. РПО-ны басқа байқаулар немесе қашықтықтағы олимпиадалармен теңестіру - білімді тереңдетіп беру мен дарындыларды дәл анықтауға тек кедергі келтіретінін неге түсінбейміз!? Өйткені шын дарын тек РПО-да анықталады. Сізге ұсыныс: а) РПО жүлдегерлеріне Назарбаев Университетіне грант тағайындалса; ә) РПО жүлдегерін дайындаған пән мұғаліміне "Алтынсарин белгісі" берілсе; Бұл тағайындаулар ауыл мектептерінен шыққан РПО жүлдегерлері мен олардың пәндік ұстазына берілгені дұрыс, өйткені қаладағы дарындыларға арналған мектептер онсыз да соған мамандандырылған. Жаңашыл министр есебінде сізге сенім артамыз.