• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Аким Атырауской области ответ от (17.05.2016) на обращение от (18.04.2016) № 141508

Вопрос
Салематсыз ба, Нұрлан Асқарұлы , Атырау өңіріне қош келдіңіз! Мен Махамбет селосы Береке ауылының тұрғынымын, қазіргі таңда ауылымыздың негізі проблемаларын жеткізіп, Сізден оң шешіміңізді кутемін..... Мекенде не ауыз су, не жарық, не жол жоқ….Қалаға жақын орналассақ та (5 км),орталығымыз Махамбет ауданы болғандықтан,барлық ресми құжаттарымыз сол жақтан беріледі қатынасу өте қиын, әсіресе қыста.... ҚХКӨ немесе БТИ, я болмаса т.б. құжаттарды реттеу үшін бірнеше рет қаладан 65 км журіп, ол бір барғанда бітпей,қаншама рет еңсеміз түсіп келеді... Әттен сол ресми құжаттарымыздың жұмыстары бәрі қаладан, не болмаса ауылдың ішінен бір филиал ашылмасқа? Сонымен қатар ауылымызда мектеп,бала-бақша, емхана,почта мәселесі де өткір тұр,бәрі болғанмен (мектеп)де тозығы жеткен,не болмаса есіктері тас жабық тұрады (емхана)...., ал қалғаны мүлдем жоқ... Қазіргі таңда, яғни 21-ғасырда осындай жағдайда өмір сүруге болама? Жаңбыр жауып балшық болса балармен ата-аналырының бір-бірін артынан бірнеше шақырым жаяу жүріп,көліктерін жолға қойып бара жатқан көріністі көргенде, ойыма неге бұл мәселе шешілмейді? деген сұрақ туындайды. Мектепке, бала-бақшаға баларымызды қалаға апарамыз, балшық күндері балдарымыз құлап, бірнеше рет үйге қайтуға тура келді... Жолдағы қойып кеткен машиналарымыздың дөңгелектерін ұрлап кеткен,осындай проблемалар ауылымыздың өткір мәселесі болып түр. Ауыз су мәселесі де ашық түрде , водовозбен 3000 теңгеге құдығымызды толтырып құйып аламыз, ол бір айға (4-5 тонна) жетер-жетпес,ал балшық күндері әбден оған да зар боламыз,себебі машина жүре алмайды..... Ауылымыздың тұрғандары Бәрі де ҚР азаматтары, зейнеткер де, соғыз ардагерлері,көп балалы аналар,және т.б. адамдары өз елімізде,өзіміздің тұрғылықты мәселерімізді шеше алмаймыз... Жоғарыда айтылған мән-жай бұл тек қана 1,5 жыл тұрған адамның көз-қарасы, ал көптен тұрып келе жатқан жергілікті халықтың назы, ай одан да көптен ау Әкім мырза... Сөзімді қорытындай келе, Сізден ауылымызды қала қосып, жол,су,жарық мәселесін шешіп берсеңіз. Пейіліңізге көп-көп рахмет!