Министерство национальной экономики Республики Казахстан ответ от (20.04.2016) на обращение от (18.04.2016) № 87623
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Тұрғын үй қатынастары туралы N 94 Заңы 2 – бабының 10 – 1 тармақшасында коммуналдық тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемеге бекітілген, жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы тұрғын үйлер-делінген. Басқа сөзбен, арнайы мемлекеттік мекеме – жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді беретін басқарма немесе бөлім. Сізден сұрайын дегенім ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі коммуналдық тұрғын үйлерді жалға беріледі және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітілген үлгі шартпен шарт жасасамыз сол дұрыс па? Әлде жоғарыда аталған басқарма немесе бөлім жалға алушымен шартқа отырама? Коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді жалға берудің үлгі шарты барма?