• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан ответ от (26.04.2016) на обращение от (15.04.2016) № 83928
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан ответ от (26.04.2016) на обращение от (15.04.2016) № 83928

Вопрос
Құрметті Асылжан Сарыбайұлы мырза. Мен Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауыл округіне қарасты «А.Қ.-А.И.» шаруа қожалығының төрағасымын. Менің меншігімде 60 шақты аналық бас ірі қара малы бар. Малды асылдандыру бағытында шарушылыққа 2 бас асыл тұқымды бұқашық қажет, бірақ қаражат тапшылығы қол байлап отыр. Несиелендіру үшін құрылған ұйымдардан несие алуға ниет білдіріп көріп едің, олар түрлі сылтаулар айтып жолатар емес. Оның үстіне несие алу үшін аузы шаққа буылған бір қапшық құжат дайындау керек. Соңында я аласын, я ала алмайсын. Және алтын уақытыңмен қоса екі араға қатынаған әжептәуір қаржыңды текке шығындайсын. Сондықтан үкіметтің мал басын асылдандыруға төлейтін субсидиясының бір бөлігіне асыл тұқымды бұқашықты тиісті шаруашылықтан қарызға алу механизмін үйлестіру арқылы ұйымдастыруды өтінемін! Бұл жағдайда «тегін» асыл тұқымды бұқашықтан ешбір шаруашылық бас тартпаған болар еді. Өз кезеңінде үкіметтің еліміздегі мал басын асылдандыру бағдарламасы 100%-ға орындалар еді деп сенемін. Бір кездері «фермеризация вместо колликтивизация» деп ұрандап едік, қазір кооперация деп жатырсыз. Бұл құптарлық іс, яғни елімізде тамақ өнеркәсібі мен жеңіл өнеркәсіпті дамытудың кепілі. Жергілікті әкім билік өкілдері кооператив құруды кез-келген үш адамнан кем емес адам мүше болса кооператив құрылды деп түсінеді. Олай болса кез-келген шаруа қожалықтары да бір-бір кооператив емеспа. Себебі шаруаның өзі, әйелі, атасы болмаса басқа туыстары басын қосса үш адамнан асып кетері сөзсіз, яғни бүгінгі таңда үш адам бірігіп күту бағуды сәнге айналдырған. Әлде біреулер бірігіп елдің малын жиып күту бағады, асыл тұқымды бұқашық сатып алып күтуге қосып үкіметтен субсидия алады, соңында өйтіп қалды, бүйтіп қалды деп тарап кете салады. «Ірімшік жерге салп етті, іс бітті, қу кетті» дегендей, яғни түпкі мақсат үкіметтен бөлінетін қаржыны иелену. Менің ойымша кооператив құру деген тұрғындардың бір-екі сиырының басын құру емес, қожалықтардың кемінде 30 бас ірі қара малдарын бір жерге, бір мақсатқа шоғырландыру. Сонда ғана қосымша шаруашылықтар ашылып, ірілі-ұсақты цехтар жұмыс істей бастайды. Яғни жұмыс көзі ашылады, шаруашылықты механикаландыру жолға қойылады, шаруашылық ірі өндіріске айналып кез-келген сыртқы сұранысты қанағаттандыра алатын қуатқа ие болады. Оның үстіне шоғырланып істерін бастап кеткен ірі-шаруашылықтың қапелімде тарап кетуі ақылға қонымсыз, ал бір-екі сиырын қосқан кооператив мүшелері кез-келген уақытта сиырын жетектеп кетіп қала алады. Сондықтан түбегейлі жұмыс істей алмайтын қауқарсыз кооператив үкіметке не үшін қажет. Жалпы ақыл айтатын мен емес, бірақ ханның көзқарасымен қатар қараның ойымен де санасуыңызды өтінемін. Алмағанбет Мұхтар 15.04.2016