Министерство внутренних дел Республики Казахстан ответ от (06.05.2016) на обращение от (13.04.2016) № 116798
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi Қ. Қасымов мырзаға Шымкент қаласының тұрғыны Ботабекова Гульвира Жалгаскановнадан Мекенжайы: Шымкент қаласы, «Теріскей» мөлтекауданы, 54/11 Телефон: 8-747-678-63-27 Құрметті Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы! Қазақстан Республикасының Ата Заңының қатаң сақталып, азаматтардың еркін өмір сүріп, елде әділдіктің салтанат құруының негізгі кепілі ретінде өзіңізге арнайы арыз жазуға мәжбүр болып отырмын. Мені мұндай қадамға итермелеген – жұбайым Қуаныш Ботабектің жағдайы. Бүгінгі таңда қоғамда қылмыстың саны көбейіп, жемқорлық азаймай отыр. Бұл, әрине, заңның орындалмай отырғанының белгісі. Қазіргі кезде халықтың құқық қорғау орындарынан гөрі, журналистерге жүгініп, әділдік сұрауы жиілеп барады. Бүгінгі менің хатыма арқау болып отырған мәселе де осындай жағдай. Менің күйеуім Ботабек Қуаныш Тасболатұлы – журналист. «Әділет» ұлттық апталығы» газетін ашып, қоғамдағы түрлі келеңсіз жағдайларды мәселе етіп көтеріп, жылағанды жұбатып, сүрінген жанды демеді. Оның бұл еңбегі елеусіз қалған жоқ, түрлі марапаттармен марапатталды. Басқасын айтпағанда, 2012 жылы Қуаныш Ботабек Қазақстан Республикасы Бас Редакторлар клубының 5 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қазақстанның барлық Бұқаралық ақпарат құралдары» атты көрмеде «Қазақстанның үздік редакторы» атанды. Алайда, ол үшін ең маңыздысы – халықтың алғысы еді. Ол қоғамдағы келеңсіздіктерді, заңсыздықтарға жол берген шенеуніктер мен құқық қорғау органдары өкілдерін ащы сынады, әділдік, шындық үшін күресті. Өз басын қауіп-қатерге тікті. Оның өмірі үнемі қыл үстінде жүрді, газет бетінде сыналған әкімқаралар мен шенеуніктердің, құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларының арасында оған қоқан-лоқы жасап, қорқытып-үркіткендер көп болды. Алайда, ол шындық үшін күресуден қайтқан жоқ. Тіпті ол алты баласының (қазір жетінші баласына аяғым ауыр) тағдырынан гөрі айналадағы адамдардың тағдырын көбірек ойлайтын еді десем артық айтқандығым емес. Оның осы өжет мінезі өзіне сор болып жабысты. Азаматтық қоғамды дамытушы күш – баспасөз, бұқаралық ақпарат құралдары. Сөз бостандығы шектелген, адам құқығы аяққа тапталған елде демократия туралы айту артық. Өкініштісі сол, соңғы кездері журналистерге шабуыл жиіледі. Қаржылық және психологиялық тұрғыда қысым да көп. Соның бір айғағы, кәсіби міндетін атқарып жүрген журналист әрі менің жолдасым Қуаныш Ботабектің тұтқынға алынып, абақтыға қамалуы. Жолдасым Қуаныш Ботабек осыдан 5 ай бұрын уақытша тергеу абақтысына жабылды. Оған ел естіп көрмеген айыптар тағуда. Таңқаларлығы, тергеу орындары осынша уақыт ішінде одан бір рет те жауап алған жоқ. Тергеу мерзімі біте берген уақытта сот арқылы ол мерзімді тағы создырып жібереді. Бірақ жауап алынбайды. Бұл әрекет біздің тергеу органдарына деген сенімсіздігімізді тудырып отыр.Приложения:570dcb31c8dfd.jpg