Министерство общественного развития Республики Казахстан ответ от (13.04.2016) на обращение от (07.04.2016) № 75157
Әсет Өрентайұлы, сәлеметсіз бе! Мен, Бақтияр Әбілқасым 2015 жылдың 24 желтоқсанында электрондық үкімет порталын пайдалану кезінде мемелкеттік тілге қатысты өзім байқаған кемшіліктер жайлы Байланыс, ақпараттындыру және ақпарат комитетінің төрағасы Талғат Болсынбекұлы Қазанғаптың атына хат жазған болатынмын. Ол хатты комитетеріңіздің құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту басқармасының басшысы Айна Жүзенованың a.zhuzenova@mid.gov.kz электрондық поштасына жолдап, тиісті уақытында жауап берулерін өтінген едім. 2016 жылдың 22 қаңтарында тағы жауап сұрап едім, қызметкерлеріңіз ауыздарына су құйып алғандай үн-түсіз. Одан кейін 2016 жылдың 07 ақпанында осы басқарманың тағы бір маманының электрондық поштасы t.prodayvodova@mid.gov.kz - ке осы хатты қайта жібердім. Міне төртінші айға кетті, әлі күнге дейін жауап жоқ. Бұл - менің азамат ретіндегі конституциялық құқымды елемеу мен оны бұзудың нақты көрінісі. Оның үстіне. сіздің қол астыңыздағылар мемлекеттік қызметкерлер бола тұра, өздері басшылыққа алулары тиіс ҚР жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңының 8-бабын аяқ асты етіп отыр. Жоғарыда баяндалғанға байланысты, сізден өз қызметтеріне салғырттықпен қарап, оны тиісті деңгейде орындамаған қызметкерлерді жауапкершілікке тартуды сұраймын. Әрі менің хатымда көрсетілген кемшіліктерді жойып, нәтижесі туралы мені құлағдар етерсіз деп сенемін.