Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (18.05.2016) на обращение от (06.04.2016) № 25128
Сәлеметсіз бе ? Мен аудандық білім бөлімінде бас экономист болып жұмыс жасаймын. Біздің ауданның мектептерінде мұғалімдердің еңбек ақысын есептеу кезінде қиыншылықтарға тап болып отырмыз себебі ,мұғалімдердің мамандықтары сәйкес емес. Мысалы , 15 жылдан жоғары еңбек өтілі бар мұғалімдер сабақ беретін пәні бастауыш сынып, бастауыштан арнайы орта білімі бар және қосымша жоғары білімі биология пәнінен ,қазақ тілі т.б. Алайда педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығында білім беру ұйымдарындағы барлық мамандық мұғалімдеріне біліктілікке қойылатын талаптарында информатика, өзін-өзі тану, музыка, бейнелеу өнері, БӘД оқытушы-ұйымдастырушы, технология, дене шынықтыру, сызу, мамандандырылған білім беру ұйымдарының арнайы пәндер, жұмыс жоспарының вариативтік бөлігі курстары мұғалімдерінің тиісті мамандық бойынша жұмыс істеу керек делінген. Шағын жинақталған мектептерде ұқсас пәндерге тиісті біліктілік курстарынан өту туралы сертификат болған жағдайда рұқсат етілгенін түсіндім,ал ұқсас емес пәндердің мұғалімдерінің жалақысын азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес В-4 арнайы ортамен төлегеніміз дұрыс па? Екінші сұрағым, шағын орталықтар мен мектеп алды даярлық сыныбының тәрбиешісінің мамандығы тәрбиеші болу керек деп талап койылған ,ал егер де тәрбиешінің мамандығы қазақ тілі ,бастауыш мұғалімі болған жағдайда не істеуге болады, оның жоғарғы білімі сақтала ма, еңбек ақы қалай төленеді? Осы жағдайды нақтылау мақсатында Сізден түсіндірме беруіңізді сұраймыз. Себебі, мұғалімдер маған барлық жағдайда жоғарғы біліммен, яғни В-2-мен төлеуімді талап етіп отыр. Дуйсенова Т.К. жұма, 01 сәуір 2016 Құрметті ! Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы негізінде жүзеге асырылады. Қаулының 4-тармағына сәйкес тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітеді. Бұл ретте, Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі (бұдан әрі – Тізілім ) ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығымен бекітілген, оған сәйкес біліктілігі жоғары деңгейлі мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері с