• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан ответ от (13.04.2016) на обращение от (04.04.2016) № 83865
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан ответ от (13.04.2016) на обращение от (04.04.2016) № 83865

Вопрос
Құрметті Асылжан Сарыбайұлы. Мен Байжумаев Есенғазы Алматы облысы Райымбек ауданы Ереуілтөбе ауылында «Ереуілтө-БЕ» жеке шаруа қожалығын құрып, 50-60 бас жылқы, 60 бас қой қозы және 10 шақты сиыр малын бағып, малды өз төлінен санын өсіріп отырмын. Малшы ретінде бір жанұяны жалақымен қалтамыздан ақша шығарып төлеп отырмын. Мал бағатын қорам ауылда орналасқан мал бордақылау комплексінің жекешеленгенде алып қалған 2- базым 500 бас сиятын қора, малшы отыратын,өзім отыратын үй жәйым бар және ауыз суы, электр жүйесімен толық қамтылған. Сізден маған мал шаруашылығын,оның ішінде жылқы малын,/жер жағдайы жылқы малына қолайлы/өсіріп, сүтінен ешбір қоспасыз, өзіміздің бабалардың жолмен жыл он екі ай тәулігіне жаз айында 300-400 литр, қыс айында 200-250 литр қымыз дайындауға мүмкіндігім болғандықтан, маған қымыз өнімін ыдысқа толтыратын,ыдыстар алуға және жылқы басын көбейтуге пайызы аз, аяқтан тұрып кеткенге дейін 1-2 жылдан кейін төлейтін несие алуға көмектесуіңізді сұраймын. Алматы облысында орналасқан несие беруші мекемеге мекен жәйімді көрсетіп, кеңес алуға бардым,олар кейін,барып тексереміз,көреміз деген сылтаумен шығарып салды, біздің ұжымда келіннің мамандығы мал дәрігері, мен көп жылдары құқық қадағалаушы органда аудан,облыс көлемінде қызмет жасағанбыз, қымызды табиғи жолмен ешбір қоспасыз өндіріп, игі іс жасап қымызды халықаралық деңгейде шығаруға толық мүмкіндігіміз бар. Құрметті министр мырза Сізге осы мәселені шешуге ықпал жасайды деп сеніп алдын ала рахметімді айтамын.