• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Министерство Финансов РК ответ от (11.04.2016) на обращение от (03.04.2016) № 96075

Вопрос
Құрметті министр, Сіздің 2015 жылғы келісіміңізбен ҚР Білім және ғылым минитрінің м.а.Т.Балықбаевтың 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығына сәйкес Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары бекітілген.Қағиданың 41 тармақ 1) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған конкурсқа қатысуға өтінім ұсынады делінген. Меніңше бұл тармақ қолданыстағы заңдарға, а.а-да Тіл туралы,Әкімшілік-құқ-қ, Мемлекеттік сатып алу Заңдарына қайшы екенін көрсетіп, Білім министріне сұрақ жолдағанмын, нәт-е қанағаттанбаған жауап алдым. Мен кәсіпкер ретінде жылдағы түрлі конкурстарға қатысып келемін, онда өтінім КҚ-ма қай тілде дайындалады,сол тілде хат-хабар мен құжаттар осы КҚ жасалған тілде жасалады және беріледі. Қ-орда обл.Жалағаш ауданы білім бөлімі аталған конкурсты мемлекеттік тілде жариялап, мені аталған тармақ бойынша шеттетті,яғни орыс тілінде өтінім бермеді деп. Сонда кімдікі дұрыс, конкурсқа бір ғана өтінім берген менікі дұрыс па, әлде конкурсқа екі вариантта өтінім сұраған білім бөлімінікі ма, әлде мен түсінбейтін заңдарда өзгеріс бар ма. Кеткен қателікті дүзетеді деп ойлаймын.