Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (31.03.2016) на обращение от (29.03.2016) № 25076
Сəлеметсіз бе! Менің сұрайын дегенім осы мектеп мұғалімдеріне қосымша жұмыс жүктеу барлық ҚР бойынша ма əлде Ақмола облысының Атбасар ауданында ғана ма? Жаздай аудандағы барлық шөп жұлу жұмысына салады, сонда биржа қайда? Сайлау кезінде барлық үйлерді аралап, ақпарат жинап, сайлауға келмеген адам үшін жауапты болды, қазір енді ауданда су тасуы мүмкін деп арнайы орындар дайындап жатыр соған барлық төсек орынды тағы да мұғалімдер жинап жатыр. Сонда ол мұғалім қай уақытта сабаққа дайындалады? Оқушыға не үйретеді? Жəне не үшін олар тегіннен тегін ондай жұмыстар атқару керек? Оқушылардың алдында əбден беделдері түскен, қолбала қылып мұғалімге жүктемейтін жұмыс жоқ. Əр адам өзінің қызметтік нұсқаулығында жұмыстарды атқарғаны дұрыс деп ойлаймын.