Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (09.04.2016) на обращение от (28.03.2016) № 75029
Шалғай ауылдағы ШЫРҒАЛАҢ «Істі» болып мектеп директоры лауазымнан босатылған азаматша – білім ордасын басқаруға қайта үмітті. Астарында не жатыр, артында кім тұр? Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Жүзімдік ауылдық округінің Ақсу елдімекенінде 200 орындық № 61 мектеп салынып 2015 жылдың 1 қыркүйегінен пайдалануға берілді. Қазіргі таңда ол мектепте оқушылар білім алуда. Қазақстанның Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумағында бой түзеген аталмыш білім ордасы, ауыл тұрғындарын, оқушыларды, мұғалімдерді үлкен қуанышқа бөледі. Себебі, балаларымыз жылдар бойы 4 шақырымдық жерде орналасқан № 86 Ш.Уалиханов мектебіне қатынап оқитын. Қара жолдың әлегі, оған қоса қыстың ызғарлы суығы, күз бен көктемнің лайсаң кездері, жаздың аптап ыстығы – балалардың оқу- білімнен бұрын ойлайтыны, ал ата-ананың бас ауруы болып келген еді. Үкіметке бұл үшін үлкен алғыс айтамыз. Бүгінгі күнде аталмыш мектепте 209 оқушы білім алып, 29 ұстаз қызмет атқаруда. Бұның бәрі қуантатын жағдай әрине. Дегенмен, жаңа мектепті басқаратын басшының әлі тағайындалмағаны бізді алаңдатып отыр. Мектептің құрылысы басталғаннан басы қасында жүріп, бүгінгі күні уақытша басқарып отырған азаматымыз бар әрине. Жалпы орта білім беру мекемелерінің басшылары конкурстық негізде жұмысқа тағайындалатыны белгілі. Бізді алаңдатын отырғаны, жемқорлық жасап «істі» болған адамның- білім ордасын басқаруға үміткер болып жүргені. Яғни №61 мектептегі директорлық лауазымға конкурсқа қатысып, директор болуға үміттеніп жүрген азаматшаның алдын сотты болған. Сыбайлас жемқорлықпен істі болып, жеке басының құлқынын тыя алмаған адамның, жас буынға қандай үлгі көрсетеді? Жоғарыда аталған Жүзімдік ауылдық округіндегі білім ордасында алдын «істі» болған мұғалім оқушыларға білім беруде. №86 Ш.Уалиханов жалпы орта мектебі директорының білім беру жөніндегі орынбасары алдын сотталған азаматша екені сол ауыл тұрғындарына бесенеден белгілі.Аталған мектепте тарих пәнінен дәріс беретін ұстаз 2009 жылы сол мектептің директоры болып бекітіледі. Арада бір жыл өтпей, өз лауазымын асыра пайдаланған «директор» , яғни 2010 жылы сыбайлас жемқорлыққа жол беріп, сотты болады. Айлығы шайлығынан артылмайтын мұғалімдерден себепсіз ақша талап етіп, тізесін батырғанның салдары шығар 2010 жылдың 23 маусымы күні Сот «жемқор басшыны» Қазақстан Республикасы ҚК-нің 177-бабы, 3-бөлігі «г» тармағымен 5 жыл мерзімге, ҚК-нің 28-бабы, 4-бөлігі – 312 –бабы, 1-бөлігімен 1 жыл мерзімге бас бастандығынан айыруға үкім шығарады. Қандай жолмен екені бізге белгісіз, «істі» болған бұрынғы басшы, қазіргі таңда аталмыш мектепте директордың білім жөніндегі орынбасары қызметін атқарып отыр. Ең сорақысы, жемқорлық жасаған азаматша директордың орынбасары лауазымын «менсінбей», жаңа білім ордасына, яғни №61мектепке басшылық етуге өз кандидатурасын ұсынғаны, Алдын сотты болған адамның мектеп қабырғасындағы оқушылардың тәрбиесіне араласуына білім басқармасындағылардың бас ауыртпайтыны ма?