Министерство труда и социальной защиты населения РК ответ от (15.03.2016) на обращение от (05.03.2016) № 95907
Құрметті Тамара Қасымқызы! Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы басқармасы, Сізден, 2016 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер мен азаматтық қызметшілердің айлық жалақыларының артуына байланысты жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын есептеу және төлеу барысында бюджеттің кіші бағдарламалары бойынша бөлінісі қалай жүргізілетініне түсіндірме беруіңізді сұрайды. Мысалы, басқарма басшысының орынбасары 2016 жылғы 1 наурыздан бастап 30 күнтізбелік күнге еңбек демалысына шығады. Оқиға уақытына 20 жұмыс күні сай келеді. Бұрынғы лауазымдық жалақысы – 169 767 теңгені құрайды. 30%-ға артқан жалақысы 220 697 теңге. Еңбек демалысын есептеу кезінде көтермелеу коэффициенті (1.3) қолданылды: Көтермелеу коэффициентімен есептегенде 220697/169767=1.3 Айлар бойынша жалақы Ескі Арттырылған Жылы Айлары Күндері жалақымен сома Барлығы,теңге 2015 Наурыз 18 169 767 50 930 169767*1,3= 220 697 2015 Сәуір 22 169 767 50 930 220 697 2015 Мамыр 18 169 767 50 930 220 697 2015 Маусым 22 169 767 50 930 220 697 2015 Шілде 22 169 767 50 930 220 697 2015 Тамыз 20 169 767 50 930 220 697 2015 Қыркүйек 21 169 767 50 930 220 697 2015 Қазан 22 169 767 50 930 220 697 2015 Қараша 21 169 767 50 930 220 697 2015 Желтоқсан 20 169 767 50 930 220 697 2016 Қаңтар 18 169 767 50 930 220 697 2016 Ақпан 21 169 767 50 930 220 697 Жылдық табыс сомасы 245 2037204 611 160 2 648 364 Орташа 1 күндік ақы 8 315,12 2 494,53 10 809,65 Еңбек демалысының 20 166 302,4 49 890,6 216 193 ақысы 1) еңбек демалысының ақысы төмендегідей есептелінді, оның ішінде: жергілікті бюджет есебінен 8 315,12*20=166 302,4 теңге республикалық бюджет есебінен 2 494,53*20=49 890,6 теңге Барлығы: 166 302,4+49 890,6=216 193 теңге Яғни, 257 «Облыстың қаржы басқармасы» 001 «Жергілікті бюджетті атқару және коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен» кіші бағдарламасы бойынша 49 890,6 теңге, ал 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы бойынша 166 302,4 теңге болып есептелуі дұрыс па?