Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (16.03.2016) на обращение от (09.03.2016) № 97580
Сәлеметсіз бе! Еліміздің болашағын ойлайтын әрбір азаматты толғандыратын мәселелердің бірі - өскелең ұрпақтың тәрбиесі екені анық. Өкінішке орай, бүгінгі таңда жастар тәрбиесіне жеткілікті дәрежеде көңіл бөлініп отырған жоқ. Білім беру саласында мыңдаған адам "жұмыс" атқарып жатқаныменен, жастар тәрбиесін тиісті деңгейде дамыту тетіктері қалыптаспаған. Оның орнына, біздің еліміздің білім беру жүйесі шет елдерге еліктеумен ғана шұғылдануда. Ұлт даналығына сүйенсек "Әдепсіз адам ешқашан ғұлама бола алмайды". Ал қазіргі біздің жастарымыздың көбі әдептен, тәрбиеден жұрдай. Оған дәлел, жақын арада белең алып жатқан мектеп жасындағы қыз балаларының аяқтары ауыр болып, көшеге балаларын тастап жатқан оқиғалары. Осының барлығының не себепті орын алып жаты? Мектепті бітіргеніме көп уақыт болмағандықтан, және мектеп жасындағы қарындастарымыздың қаншалықты азғындалып жүргенін өз көзіммен көріп, құлағыммен естіп жүргендіктен, жастарымыздың не себепті мұнша бұзылып кеткендігінің себептерін баядап берейін: 1) Қазір интернетте миллиондаған порносайттар жұмыс істеп жатыр. Ол сайттарға әрбір интернет желісіне кіре алатын жасөспірімдердің қолы жетімді. Керек десеңіз, әдейілеп жап-жас қазақ қыздарын басқа ұлт өкілдерімен жыныстық қатынасқа түсіріп, интернетке салынғандары да жеткілікті. Бұл порновидеоларды көрген әрбір жасөспірімнің психикасы өмір бойына бұзылады. 2) 5-ші кластан жоғары кластарда оқитын әрбір оқушы әлеуметтік желілерде өздерінің жеке парақшалары бар. Сол әлеуметтік желілерде жастар мектеп программасын оқудың орнына, таңнан кешке дейін өздерінің суреттерін салады, бір-бірімен танысады, ұятсыз әңгімелер айтады. Мысалы, Қазақстанның 90% жастары кіретін vk.com (Вконтакте) әлеуметтік желісінде неше түрлі "сообществалар" бар. Бұл әлеуметтік желіде жоғарыда айтылған порнофидеолардың мыңдаған түрлері бар. Мәселен, "Казашки в порно", "Порно казашки", "Секс в казахстане", "Порно школьниц", тағы сол сияқты. Онысымен қоймай, жезөкшелердің жеке парақшалары да бар. Мысалы, "Проститутки Алматы", "Проститутки Астаны", сол сияқты. Ең сорақысы, жастардың өмірін құртатын "Курицы Тараза", "Курицы Чимкента" сияқты парақшаларында, еліміздің әр қаласындағы қыздық абыройынан айырылған қыздарды "жігітсымақтар" тізбектеп жазады. Оның үстіне, бұл әлеуметтік желіде гейлердің де көптеген сообществалары бар. 3) Азғындықтың көкесі мектептерде басталуының ең басты себебі, қыздардың мектеп формаларының шектен тыс сексуалдылығы. Қазіргі таңда шетелдерге еліктейміз деген, еліміздің мектептеріндегі қыз балаларының формалары адам шошырлық дәрежеде. Мектеп қыздарының мектеп формалары жезөкшелердің киімдеріне ұқсап бара жатыр. Мектепте оқитын қыздарының юбкалары тізелерінен барған сайын жоғарылап бара жатыр. Олардың юбкалары ұятты жерлеріне сәл-ақ жетпейді. Мектептегі қарындастарымызға қараудың өзі жиіркенішті болып барады. Төмендегі суретте мен, қазіргі мектептердегі қарындастарымыздің киімдері мен жезөкшелердің киімдерін салыстыру үшін жүктедім.Приложения:56e061cea6a0c.jpg