Министерство Финансов РК ответ от (11.04.2016) на обращение от (23.02.2016) № 121096
ҚҰРМЕТТІ БАҚЫТ ТҰРЛЫХАНҰЛЫ! Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша уәкілетті орган ретінде төмендегі сұрақтарға түсіндірме беру үшін жүгінеміз. Сол кезде қолданыста болған «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303-III Заңының 35-1-бабының 3-тармағы бойынша мемлекеттiк сатып алуды негiзгi (орнатылған) жабдықтарды толық жасақтау, жаңғырту және толық жарақтандыру үшiн жүзеге асыруды қоспағанда, аукциондық құжаттамада тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгiлерiне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгiлерге, тауардың шығарылған жерiнiң атауына және өндiрушiнiң атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтiң жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға арналған сілтемелердің болуына жол берiлмейдi. Біздің мемлекеттік мекеме 2013 жылы қызметтік жайды жалға алу қызметін сатып алу бойынша аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу ұйымдасытрған болатын. Аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде біздің мекеменің статусы – облыстық деңгейде мемлекеттік орган болғандықтан және облыстық әкімдік пен облыстық мәслихатпен жұмысы тығыз байланыста болғандықтан, әкімшілік орталық ретінде Шымкент қаласының көшелері, даңғылы көрсетілген болатын. Алайда, сатып алынатын қызметтің нақты бір ықтимал өнім берушіге тиесілігі (ғимараттың уәкілетті органда тіркелген мекен жайы, орналасқан жері) көрсетілмеген болатын. Өздеріңізге белгілі, Шымкент қаласында шалғай жатқан мөлтекаудандар, жеке тұрғын-үй секторлары көп. Ал, облыстық мемлекеттік орган - іскерлік әкімшілік орталықта орналасуы қажет. Бүгінгі таңда, қызметтік жайды жалға алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 жетоқсандағы №434-V Заңының 39-бабының 3-тармағы 53)-тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілгендерге байланысты аукциондық құжаттаманың жалға алу бойынша техникалық ерекшелігінде егер, тапсырыс беруші мемлекеттік орган болып табылатын болса, іскерлік қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін нақты бір ықтимал өнім берушіге тиесілігін көрсетпей Шымкент қаласының әкімшілік орталығын, қажетті көшелерін, даңғылын көрсетуге болатындығы немесе болмайтындығы, көтерілген мәселе сол кезде қолданыста болған «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303-III Заңының 35-1-бабының 3-тармағын бұзушылық болып табылатыны немесе табылмайтыны, қазіргі жаңа заң бойынша мемлекеттік сатып алу тәсілі жеңілтетілуіне байланысты бұрынғы сатып алулардың құқықтық салдарлары жөнінде ресми түсіндірме беруіңізді сұраймыз. Жауабыңызға алдын-ала рахмет айтамыз!