Министерство труда и социальной защиты населения РК ответ от (02.03.2016) на обращение от (23.02.2016) № 134090
Құрметті Тамара Босымбекқызы! Сізге бір қояр сауалым бар. Мен өзім мемлекеттік органда қызмет атқарамын. 2015 жылдың желтоқсан айында жүктілігіне және босануына байланысты демалысқа шыққан болатынмын. Аталған демалысқа байланысты "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық" ММ-не жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алу үшін қажетті құжаттарымды тапсырып, мемлекет тарапынан төленетін белгілі бір сомадағы әлеуметті төлемді алған болатынмын. Соынмен қатар, «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің 99-бабының 4-тармағына сәйкес жұмыс берушінің атына орташа жалақыны сақтай отырып, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегеріп, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа ақы төлеу үшін өтініш жаздым. Осыған байланысты, аталған демалысқа ақы төлеу кезінде басшылыққа алынатын орташа жалақыны есептеуде мереке күндеріне орай берілетін сыйақылар (Мәселен, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні, 22 наурыз, 30 тамыз Конституция күні, 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні және т.б. мерекелерге орай) есепке алына ма? Осы сұрағыма жауап бере отырып, аталған демалысқа ақы қалай төленетіні туралы толық мәлімет берулеріңізді сұраймын. Алдын ала рахмет айтамын. Өтініш иесі Әбдікәрімова Әсемгүл