Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (09.03.2016) на обращение от (10.02.2016) № 24801
Сәлеметсіз бе, Саринжипов А.Б мырза! Сізге жалақы мәселесі бойынша өтініш білдіріп, хат жолдап отырмын. Мен, Тлеубаева Шолпан Олжашовна Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы № 61 жалпы білім беретін орта мектептің орыс сыныбында бастауыш буындарда қазақ тілінен сабақ беремін. 1982-1983 жылдары Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданындағы К.Маркс атындағы бастауыш мектептің мұғалімі болып жұмыс істедім. 1983 жылы Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы педагогикалық училищесінің "Мектепке дейінгі тәрбие" бөліміне түсіп,1985 жылы балабақшаның тәрбиешісі квалификациясы бойынша диплом алдым. 1985 жылдан 1994 жылдар аралығында балабақшада тәрбиеші болып еңбек еттім. 1993 жылы Қарағанды Педагогикалық Институтына күндізгі бөлімге түсіп, 1997 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің "Мектепке дейінгі педагогика және психология" мамандығы бойынша бітіріп, мектепке дейінгі педагогика және психология пәндерінің оқытушысы, тәрбиеші, қазақ тілі пәнінің оқытушысы квалификациясы бойынша диплом алдым.2000 жылдың 1 наурызынан бастап осы аталған мектепте орыс сыныптарындағы бастауыш буындарда қазақ тілінен сабақ беріп келемін. Жалпы өтілім- 31 жыл.Педагогикалық өтілім-24 жыл.Біліктілігі жоғары 1 санатты мұғаліммін.Уақытымен білім беру қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында біліміді көтердім. 2000 жылдың наурызынан бастап еңбекақымды жоғары білім мамандығы бойынша төлеп келді. 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап арнайы орта білім беру мамандығымен төлеп отыр. Осыны қалай түсінуге болады? Еңбекақым қалай төленуі керек? Қандай қаулы, қандай бұйрық, қандай заң негізіне сүйену керек? Қазір 50 жастамын. Екінші жоғары оқу орнына, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына оқуға міндетті түрде түсуім керек пе?Түспеген жағдайда қазақ тілі мұғалімі болып осы мектепте жұмысымды жалғастыра аламын ба? Есепші Білім туралы Заңының 51 бабына сәйкес, төленбейтіндігін айтып отыр. Осы мәселелердің шешімін шешіп беруін өтініп сұраймын.Приложения:56bb6358bde55.jpg