• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Министерство труда и социальной защиты населения РК ответ от (17.02.2016) на обращение от (09.02.2016) № 116469

Вопрос
Құрметті Тамара Қасымқызы! ДҮЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ5Ы 08 АҚПАН КҮНІ №306068 ЖАРИЯЛАНҒАН ӨТІНІШІМЕ ҚОСЫМША ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТІРІНІҢ ЖАУБЫН ЖОЛДАЙМЫН. Менің осы өтінішімді қараусыз қалдырмайтыныңызды және толық түсіндіреді деп үміттенемін. Жауабыңыз өте маңызды! Құрметтпен, Еділ Имашев Б.М. СЕЙСЕНБІ, 09 АҚПАН 2016 Құрметті Еділ Тұрсынбекұлы! Сіздің өтінішіңізді қарап, келесініха барлаймыз. Осы мәселені қарастыру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құзыретіне жатпайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгі туралы Ережесінің 15-тармағына сәйкес осы Министрліктің негізгі міндеттері бірі- еңбек оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру болып табылады. Осыған байланысты өз мәселеңізді шешу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне (www.mzsr.gov.kz)жүгінуіңізді ұсынамыз.