Аким Алматинской области ответ от (19.02.2016) на обращение от (05.02.2016) № 133978
Саламатсызба! Мен "Самрұқ-Қазына" ЖМҚ желісіндегі мемлекеттік бағдарлама бойынша арендаторымын,Алматы обл, Қарасай ауданы,Іргелі ауылдық округі,Іргелі ауылына,ЖК Асыл Арман. 2016 жылдың 1 ақпанында Ұлттық экономика министрлігі "Баспананы жеке тұлғаға ұзақ мерзімге жалға беру келісімдері бойынша аймақтарды дамытудың салалық бағдарламасын іске асыру аясында ұсынылған салық салынатын нысандар бойынша жеке тұлға ставкасымен салық төлеуші заңды тұлғалар тізімін бекіту туралы" бұйрықты ресми жариялаған болатын.Оған сәйкес, салықтық жеңілдіктер "Қазақстандық ипотекалық компания" АҚ желісі бойынша арендаторларға ғана қатысты. "Самрұқ-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры бұл тізімге кірмеді.Салықты неге заңды тұлға ретінде төлеуіміз керек? Арендалық баспана салып жатқан екі компанияның арендаторларының бірі жеке тұлға ретінде, ал бірінікі заңды тұлға ретінде салық төлеп отыру керек екен.Неліктен Самрұқ Қазына кірмеді сол тізімге? Мысалы,мен 3 бөлмелі пәтерге ай сайын 113 000тг+ ком услуга 30000тг+ страховка 17 500тг+ 200 000тг салық төлеймін, Мұнша ақша төлеу оңай емес, Ойланызшы жыл сайын салыққа 200 000тг төлеу деген? ал КИК арендаторлары бізден 10 есе кем төлейді? Қол жетімді баспана атына лайық болса екен салықтың да бағасы. Сізден өтінерім осы мәселені қайтадан қарап, бізге жақсы хабар айтуларыңызды сұраймын.