• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (08.02.2016) на обращение от (28.01.2016) № 24695

Вопрос
Құрметті Аслан Бәкенович! Менің Сізге 20 қаңтар 2016 № 305043 сұрағыма жауап бергеніңіз үшін рахмет! Бірақта менің сұрағымның бірі "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы заңына сәйкес "Басшының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары лауазымы» туралы болатын, Сіздің 26 қаңтар 2016 берген жауабыңызда "Басшының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары" лауазымына қойылатын біліктілік талаптары бойынша жоғары білімі, оқу орнының бейініне сәйкес ұйымдарда 5 жылдан кем емес еңбек өтілімі бар Қазақстан Республикасының әр азаматының құқығы бар деп айтыпсыз! Анығырақ айтқанда түсінбедім. Себебі Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагог қызметкерлері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымыдарында "Басшының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары» және "Басшының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары" лауазымдары бар. Менің анығырақ сұрамақшы болғаным "Басшының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары» туралы еді. Сол лауазымда нақты кімдердің жұмыс атқару құқығы бар? Ол азаматтар қандай лауазымдарда қызмет атқарған болу керек? Басшылық лауазымға өту үшін тек қана басшылық лауазымда қызмет атқару қажет пе? Әлде еңбек өтілі 5 жылдан асық болса жеткілікті ме? Мысал: Жоғары білімді оқу-өндіріс шебері, арнайы пән оқытушысы, аға шебер лауазымдарында 5 жылдан кем емес жұмыс атқарған азамат іскерлік қасиеттер негізінде лауазымдық өсу сатысымен уақыт келіп "Басшының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары» лауазымына үміткер бола ала ма?