• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Министерство Финансов РК ответ от (29.01.2016) на обращение от (27.01.2016) № 133921

Вопрос
Қайырлы күн! «Ел-Қонды» ЖШС-гі БСН 981 240 000 676, құрылыс-монтаж жұмыстары саласында, 10 жылдық жұмыс тәжірибесі бар мердігер мекеме. Оның ішінде 2010 жылдың 27 наурыз айынан бастап, 2013 жылдың қазан айына дейін, (2010,2011,2012,2013) 4 жыл бойы, Қызылорда қаласы, Шиелі ауданында «Шиелі ауданы бойынша Жиделі топтық су құбырымен оған қосылатын №3 КНС-тан Бірлестік елді мекеніне дейінгі тармағының құрылысы» Еңбекші елді мекені бойынша қыстақ ішілік таратушы топтарын қайта жаңғырту» нысанының құрылыс жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, нысан пайдалануға тапсырылды. Аталған нысанның салынып, аяқталу мерзімі жобалық - сметалық құжаттамаға сәйкес, 4 жыл болатын. «Ел-Қонды» ЖШС-гі, 2015 жылдың 16 қараша айында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы» филиалының (әрі қарай - Ұйымдастырушы), ұйымдастырылуымен өткізілген, «Работы строительные по прокладке местных водопроводных сетей «Строительство линии подводки водопровода к границам участков потребителей н.п. Муратбавеа, Казалинского района Кызылординской области» электрондық сатып алу арқылы конкурсына қатысты. Осы электрондық сатып алу арқылы конкурсының, Конкурстық комиссия мүшелері, «Ел-Қонды» ЖШС-гіне 4 жылғы жұмыс тәжірибесіне, 0,5 балл тағайындады. Конкурстық комиссия мүшелері, неліктен бізге 0,5 балл тағайындаған? Біздің «Ағын су желісі құрылысы» саласында 4 жылдық жұмыс тәжірибемізге – 2 балл тиесілі емес пе? (әр жылға 0,5 балдан) Сізден, осы мәселе бойынша, заңға сәйкес, дұрыс шешімін анықтап беруіңізді, өтініп сұраймыз.