Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (02.02.2016) на обращение от (26.01.2016) № 24668
Құрметті Аслан Бәкенұлы мырза! Мен Торшаева Шаттык Махсутовна , Қарағанды қаласы,Октябрь ауданы ,№68 Мектеп-интернат-балабақша кешенінде 2005-жылдан бастап балабақшаның музыка жетекшісі болып жұмыс істеймін. Санатым-І санат. Музыкалық білімім орта-арнаулы. Қызылорда педагогикалық училищесі "Музыка бөлімі",1994- жылы бітірдім. 2014- жылы , академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" мамандығын бітірдім.2014- жылдың қыркүйек айынан,2015-жылдың желтоқсан айына дейін менің жалақым жоғары білімді маман ретінде есептелінді. Енді 2016-жылдың қаңтар айынан бастап бас есепші менің жалақымды орта-арнаулы біліммен есептеймін деп отыр. Себебі,2014- жылы жоғары оқу орнын бітіргендерге дипломы мамандығына сай келмесе есептелінбейді деген заң бар дейді. Сұрақ: Сонда менің дипломымның жарамсыз болғаны ма? Жалақымның орта-арнаулы біліммен есептелуі дұрыс па? Және балабақша музыка жетекшісінің G дәрежесі қандай болуы керек? Жауабыңыз үшін алдын-ала алғысымды білдіремін! Жауапты электронды түрде сайтта және мүмкін болса жауапты жазбаша түрде мына мекен-жайға жіберулеріңізді өтініп сұраймын. 100006, Торшаева Шаттык Махсутовна, мкр Голубые Пруды ,4-үй,91-пәтер,Қарағанды қаласы