• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Министерство Финансов РК ответ от (19.01.2016) на обращение от (19.01.2016) № 95497

Вопрос
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнамасына сәйкес Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi Қаржы министрлігі уәкiлеттi орган болып табылады және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқытық актілері туралы заңының 45 бабының 2 тармағына сәйкес Тексеру комиссиясы 2016 жылдың 1 қантар айынан бастап күшіне еңген Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының кейбір тармақатарына келесі түсіндірме беруіңіз сұралады: 1. Тексеру комиссиясы мемлекеттік мекемесі 2011- 2015 жылдар аралығында қызметтік (офистік) орынды жалға беру қызметі туралы келісім шарттың негізінде «Атырау - Ақпарат» ЖШС-нің (Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының мемлекттік үлесі 100 % теңгерімінде) ғимаратында орналасқан. Аталған ғимарат Атырау облысы Қаржы басқармасының меншігінде болып табылғандықтан «Атырау-Ақпарат» ЖШС-не 2014 жылдың 30 мамырдағы №1 сенімгерлік басқару шарттының негізінде берілген. 2016 жылдың бастап «Атырау – Ақпарат» ЖШС-нен түскен баға ұсынысына сәйкес жылдық жалға беру қызметінің бағасы 4000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен (7 928 000 тенге) асып отыр. Осыған орай, Тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39 бабы 3 тармағының 53 тармақшасына сәйкес Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей бір көзден алу тәсілмен жасау арқылы мемлекеттік сатып алуға тиіспа? 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 6 бабына сәйкес кәсіби құзыреттілік – мемлекеттік аудиторлардың білікті және сапалы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін білім мен дағдының қажетті көлемінің болуы делінген осыған орай Республикалық бюджеттің атқарлуын бақылау жөніндегі есеп комитенің жанындағы РМК «Қаржылық зерттеу орталығы» біліктілік арртыру мақсатында сыртқы мемлекеттік аудиторларды сертификаттандыру бағдарламалар бойынша семинарлар өткізу жоспарлануда (1 қызметкерге семинардың бағасы 600000 тенге), осыған орай Атырау облысы Тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39 бабы 3 тармағының 45 тармақшасына сәйкес Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей бір көзден алу тәсілмен жасау арқылы мемлекеттік сатып алуға құқылыма?