• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (04.02.2016) на обращение от (17.01.2016) № 97545
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (04.02.2016) на обращение от (17.01.2016) № 97545

Вопрос
Аса құрметті министр мырза! Менің аты-жөнім Қазез Санатқан 07.09.1990 күні туылғанмын. 2003-жылы ҚХР, Қаба ауданынан ата мекенге көшіп келгенмін. Көшіп келгеннен кейін 8 жылдан кейін əкем Қадыр Қазез қатты ауырып өмірден озды. Артында мен жəне анам екеміз ғана қалдық. Əкем ауырып жүрген кезінде туыс туған, таныстардан қарыз алып, банктен көп кредит алып əкемді емдеттік, бірақ ем өнімін бермей əкем өмірден озды. Артында қарыздар болып шешем екеміз қалдық. Қарызымыз көп əрі банк алдындағы берешегіміз өсіп кеткендіктен ақыры 2015-жылы октябрьде əкемнен қалған баспанамызды сатып қарызымыздың 80% əрең қайтарып қазіргі күнде пəтер жалдап анда-мұнда көшіп жүрген жайіміз бар. Енді қарызымыз жеңілдеді ау дегенде тағы бір жығылғанға жұдырық дегендей мойнымызға 1 млн 500 мың қарыз ілініп отыр. Мен 2009-жылы мектеп бітіргеннен кейін Өскемен қаласындағы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне грантқа оқуға түстім. 2013-жылы бітіріп қолыма диплом алдым. Бітіргеннен кейін мен ауылдық квотамен оқуға түскенімді бірақ білдім. Жақсы бір жағынан мемлекет қолдау көрсетіп, оқытып диплом алып шықтым. Сосын бізге 3 жыл ауылдық жерде жұмыс істеуіміз керектігін айтты. Егер магистратураға тапсырған жағдайда бармаяқ қоюға болатынын айтты. Мен онсызда магистратураға тапсырамын деп жүргенмін, сосын тапсырдым. Бірақ өкінішке орай түсе алмай қалдым. Себебі сол жылы яғный, 2013-жылы музыка мамандығы бойынша сол оқу орнына грант бөлінбеген екен. Содан бері 3 жылға таяу уақыт болды қалалық жерде жұмыс істеп жүрмін. Маған бір күні қаржы министрлігінен хабарласып сотқа баруымды талап етті. Мен сотқа барсам 1,500000 оқу ақысын өндіру жайында қаржы орталығы мені сотқа берген екен. Мен жағдайымды айтып сотқа да қаржы орталығына хабарласыпта отраводка жасаймын, ауылға барып істеймін деп өтінген едім ешкім оған мүмкіндік бермей мойныма тағы да осыншама ақшаны іліп қойды. 1 миллион 500 мың теңге төлейтінімді анама айтқан едім ол кісі өзі жолдасы қайтыс болғаннан бері жүрек ауру болып қалған еді тағы ауырып қалды. Мен өзім басымда баспанам жоқ ауру анамды ертіп пəтер жағалап жүріп мұндай үлкен соманы төлеуге ешқандай мүмкіндігімде, жағдайымда жоқ. Аса құрметті министр мырза, сізден сұрарым, өтінерім осы жағдайдың бір мүмкіншілік жағын, жеңілдік жағын қарастырып берсеңіздер. Мен ауылға əлі де мүмкіндік берсе 3 жыл істеймін. Тек мұнша ақша төлей алмайтынымды білсеңіздер екен. Егер атраводка жасайтындай мүмкіндігім болмаса 1млн 500000 соманың болмағанда 40-50% жеңілдік жағын қарастырып берсеңіз. Алланың шапағаты тисін! Сізден хабар күтеміз. Өтініш иесі: Қазез Санатқан, 07.09.1990 Телефон: 87755460948