Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (02.02.2016) на обращение от (15.01.2016) № 24598
Құрметті министр мырза! Менің атымнан сізге хат жолдап отырған Жакупбекова Бақытгүл Берикқазықызы Аягоз ауданындағы мектепте кітапханашы қызметін атқарады,білімі арнайы орта кітапхана ісі бойынша кітапхана техникумын бітірген.2004 жылы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеттің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жоғары оқу орнын аяқтады.Қазіргі таңда мектеп кітапханасында кітапханашы болып қызмет атқарады,еңбек өтілі 18 жыл.Осы уақытқа дейін кітапханалық қызметіне жоғары білім бойынша жалақы төлеп келді,биылғы жылдан бастап арнайы орта білім бойынша төленеді деп айтылып отыр,ал кітапхана жұмысының ережелері деген кітапта кітапханашы лауазымына педагогикалық білімі барлар да тағайындалады,осы бойынша менің жалақым жоғары білім бойынша төлене ме,әлде арнайы орта білім бойынша төлене ме?Осы сұрағыма жауап беруіңізді сұраймын.Рахмет"