Министерство труда и социальной защиты населения РК ответ от (16.01.2016) на обращение от (08.01.2016) № 95439
Сәлеметсіз бе, Тамара Қасымқызы! Мен Сізге бірнеше рет өзіме қажетті сауалдарымды қоя отырып, заңды жауаптарын уақытылы алып келемін. Әр қойған сауалыма уақытылы жауап қайтарып отырған Сізге көптен көп алғысымды білдіремін. Сізге және Сіздің отбасыңызға тек қана денсаулық пен бақыт, еңбегіңізге табыс тілеймін. Менің Сізге сауалдарым бар, солардың заңды және қарапайым тілде түсінікті жауабын алғым келеді. Менің атқарып жүрген жұмыс орнымда ай сайынғы еңбек ақымыздан ҚР "Кәсiптiк одақтар туралы" Заңының 29 бабының 2 тармағына сәйкес мүшелік кәсіподақ жарнасын ұстамайды. Алайда менің бір танысым, егерде ай сайынғы менің еңбек ақымнан мүшелік кәсіподақ жарнасы ұсталынбайтын болса, "Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз N 1127 қаулысының 8 тармағы негізінде төленетін «Материалдық көмекті ала алмайсын» дейді. Яғни, бала туылғанда, неке тұру және т.б. төленетін материалдық көмектер. Осыған орай, Сізден сұрайтыным, "Кәсiптiк одақтар туралы" Заңы негізінде мүшелік кәсіптік жарна ұсталынбайтын болса, онда менің жоғарыда атап кеткен ҚР Қаулысы негізінде материалдық көмек алуға құқым болмайды ма? Әлде мүшелік кәсіптік жарнадан ұсталынған қаржы басқа салаларға жұмсалып, ал, материалдық көмек беру басқа қаржы көздерінен төленеді ме? Яғни, мен атқарып отырған мекеменің жыл бойына жасаған бюджеттік жоспарлауы бойынша үнемделген (еңбекақы, құрал жабдықтар алу және т.б.) қаржыларынан материалдық көмекке қаржы бөлінетін болады ма? Демек, материалдық көмек алуға құқым болады ма? Жоғарыда атап кеткендей, осы сауалымдарымның заңды және қарапайым тілде түсінікті жауабын алғым келеді. Сізге алдын ала алғысымды білдіремін!