Аким Алматинской области ответ от (18.01.2016) на обращение от (02.01.2016) № 116288
Аса құрметті Амандық Ғаббасұлы, Алдымен, Сізді кіріп келген Жаңа Жылыңызбен құттықтаймын, бұл жыл Сіз үшін сəтті жəне берекелі жыл болсын! Сіздің жақында Қаскелең қаласындағы Сулейман Демирел университеті ұжымы жəне студенттерімен болған кездесуіңіз бізде, əсіресе студенттерде оң əсерін қалдырды, пікірлеріңіз студенттерге көбірек білім алуға жәнеде мотивация бергеніне сенімдімін. Бұл үшін біз оқытулар Сізге көп алғысымызды білдіреміз. Бірақ бұл өтінішім менің жеке проблемам (негізінде жеке емес қоғам проблемасы) туралы, яғни Сіздің жоғарыда аталған кездесуіңізге ешқандай қатысы жоқ. Сізбен болған кездесуге бұдан бұрында қатысқан болатынмын, сол үшін, проблемаларды шешуге болған көзқарасыңызды білгенім үшін, өтінішімді жерде қалдырмайтыныңызға сенім артып отырмын. Өкінішке орай, мереке қарсаңында, 28.12.2015 күні, біздің үйімізде - Қаскелең қаласы, Гоголь көшесі 9-үйде ұрлық - қылмыстық ісі орын алды. Бұл мәселе жөнінде әрине полицияға жедел хабар берген болатынбыз (хабар бергенсоң 40 минуттан кейін инспектор, ал 4,5 сағаттан кейін тергеуші-криминалист келген). Қазіргі кезде тексеру жұмыстары жүргізілуде (деп ойлаймыз), дегенмен тексеру, зерттеу процессінен және сапасынан біздің көңіліміз толып жатқан жоқ. Мысалы, участковыйдың бұл оқиға туралы тіпті бір күннен кейінде хабары жоқ екенін байқадым (бір күн өткенсоң, полициядан хабар болмағансоң өзім барып оларға хабарласқан болатынмын). Қаладағы орталық көшелердің бірі - Гоголь көшесінде бұндай оқиға бірінші рет емес, бұдан бұрын да бірнеше ұрлық-қылмыстық істер орын алған, бірақ олардың ешқайсысы осы кезге дейін шешілмеген, яғни ұрылар немесе жоғалған заттар табылмаған. Үйіміздегі болған ұрлықтың себепшісі айқын көрініп тұрған болса да (көршінің ауласынан келген-кеткен із) бұл қысмысты ашуға не кедергі жасап тұрғанын бiз түсінгіміз келеді. Әрине бір іздің өзі жеткіліксіз екенін мен жақсы түсінемін, бірақ бұған көмектесетін қосымша басқада факторларды да біз полиция өкілдеріне айтқан болатынбыз. Бұл оқиға менің отбасыма психологиялық тұрғыданда қатты соққы болды. Сол бiр оқиғадан соң жолдасым үйде жалғыз қалуға қорқады, қыздарымда қатты қорқып, шокқа түсiп қалған. Сізден өтінішім, осы қылмысты ашуға көмектесуңізді және қылмыстық зерттеу процессін өз бақылауыңызға алуыңызды сұраймын. Бұл өтінішке қосымша ретінде үйімізде орын алған ұрлық ісін толық жазуға тырыстым (қосымшаны электрон поштаңызга (akimat@zhetisu.gov.kz) жiбердiм). Бұл қылмыстың ашылуы тек қана менің отбасыма емес, ал көршілерімеде, басқада қала тұрғындарына, жалпы қоғамға өз пайдасын тигізеді деген сенімдемін. Сонымен қатар, бұндай заң бұзушылардың жасаған қылмыстары үшін өз жазаларын алуы Қаскелең қаласының қазіргі позитив имиджин сақтап қалуға көмектеседі (көп оқытушы жəне студенттерге қала табиғаты қатты ұнайды). Құрметпен, Байымбетов Б.Б.