Аким Алматинской области ответ от (10.02.2016) на обращение от (04.01.2016) № 116297
ҚР Алматы облысы әкімі Баталов Амандық Ғаббасұлына Алматы об. Қартал ауданы, Көкдала ауылы тұрғындары Атынан Серқазы Омар87773929497) Ахметұлы Бейсен(87022817639) Е-майл: beis.kz@gmail.com Құрметті Асхат Қайзоллаұлы! 2015 жылы желтоқсанның 15 күні, түнде Алматы облысы, Қаратал ауданы, Көкдала аулынан 6 жылқы мен 1 құмай тазы итті қорадан ұры әкетті. Таң ата ауыл және аудан милицияларымен бірлесе іздеп, мал ізін Талдықорғанға жақын Еркін деген ауылға апардық. Милициялар да жылқы ізінінің сол ауылға клгенін көздерімен көрді. Ұрылар жылқыны айдап әкету барысында 1 бас жылқы жүре алмай жолда қалған жерінен табылды, 1 бас тайды жолдан өткен жерінде Шкода суперб маркалы қара түсті, ??? 092 ?? нөмірлі Алматы обылстық акімшіліктің көлігі қағып кеткенін көргендер айтуда(басында мойындаған, қазір шофер сөзінен айынып отыр). Ал жараланған тайды жол-патролдық милицияның көлігі алып кеткен. Оны да көргендер айтты. Біз бұл туралы Қаратал аудандық Милицияға хабарлап арыз жаздық. Алайда олар уақытты созып әрі түрлі жолдармен дәлелдердің көзін жойып отыр. Осылайша Үкімет адамдары мен милициялар ұрылармен бірлесе отырып мал ұрлап, халыққа зардап әкелуде. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің: «100 нақты қадам» атты тапсырмасында заң атқару орындарының заңсыздығын тоқтатып, әділдікке жұмыс жасауға, халықтың сенімін ақтауға тапсырма бергені есімізде. Ал біздің Қартал ауданында Үкімет, ұры және милиция үшеу бірігіп халықты тонап жатыр. Осыдан бұрын да 10 нан астам іріқара мал жоғалды. Бәрі де табылмады. Біз аудан мен обылысқа қарасты үкімет орындарына да, заң орындарына да сенбегендіктен сіздерге шағымданып отырмыз. Сізден арнаулы комиссия шығарып, бұл заңсыздықтарды тексерулеріңізді, ұрыларға көмектесіп отырған милицияларды және оларды жасырып отырған үкімет адамдарын тауып, жауапқа тартуды, ұрланған малдарды таптырып беруді сұраймыз. Ескерту: хаттың көшірмелері ҚР Ішкі істер министріне, ҚР Президент әкімшілігіне, ҚР Бас прокурорына, Алматы облысы әкіміне жолданды. 1. Омар Серқазыұлы(тел: +7 707 307 71 27) 2. Қасейін Тілектес Қайырбайұлы(+7 705 569 67 00) 3. Ақанов Ерболат 4. Батырбаев Құдайберген 5. Қобдыбай Тілеген 6. Ахметұлы Бейсен(+7 702 281 76 39) 05.01.2016