Министерство внутренних дел Республики Казахстан ответ от (23.12.2015) на обращение от (09.12.2015) № 116200
Құрметті Қасымов Қалмуханбет Нұрмуханбетұлы! 2015 жылдың 11 қарашасында Астана қаласында № 46 қоғамдық көлігінде "Iphone 5S моделіндегі ұялы телефонымды ұрлап кетуіне байланысты "Сарыарқа аудандық ішкі істер бөліміне және Астана қаласының ішкі істер департаментіне арыз жазған болатынмын.Арызымның КУИ нөмері 157114030014179, ЕРДР нөмері 157114031003604. 13 қарашада ішкі істер департаментінен хабарласып ұрлықшыны суреттеуім бойынша фото сурет жіберді. Фотодағы жігіт менің ұялы телефонымды ұрлаған адам екенін анық таныдым. Сол күні суретті "Сарыарқа аудандық ішкі істер бөліміндегі істі тергеуші Елимановқа жібердім. Қылмысты ашу үшін содан кейін ешқандай жұмыс жүргізілмеді. ҚР-ның бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет сайтының "Қылмыстар туралы өтініштерді бақылау ақпараттық сервисінен жазған арызым бойынша қандай жұмыстар жүргізілгендігін қарасам ЕРДР нөмерім тіркелмепті. Істі тергеуші Елимановқа хабарласып не себепті тіркелмегендігін сұрадым. Алайда тергеуші ЕРДР нөмерін тіркеу керектігінен хабарсыз. -Мен ЕРДР тіркемеймін, әр телефонның соңынан қуып жүрмеймін, мен кабинетте отыруым керек,-деп жауап берді тергеуші Елиманов. ҚР Бас прокурорының "Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сонымен қатар сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы №89 бұйрығына сәйкес сотқа дейінгі тергеуді жүргізу тапсырылған тергеушілер, анықтаушылар, прокурорлар СДТБТ-ға қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты алған кезде 24 сағаттан кешіктірмей тіркеуі қажет. Қаламыздағы адамдарға лық толы қоғамдық көлікті пайдаланатын ұрылар саны күннен күнге көбеюде. Менің телефонымды ұрлаған адам да ұрлауды жалғастырып көшеде жүр.Егер ол ұрлықшы туралы мәліметтер болса, не үшін органдар әлі күнге дейін әрекетсіз отыр??? Сізден бұл жағдайға іс-шара қолдануыңызды сұраймын.