Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (21.12.2015) на обращение от (03.12.2015) № 24444
Қайырлы күн, құрметті министр мырза! Мен Токбаева Салтанат Муханбетжановна Жезқазған қаласының гуманитарлық колледжінің ұстазы Сарсенова Карима Сарсеновнаға арыз қалдырғым келеді. Арыз жазудың себебі, бұл кісі "ұстаз" деген атқа лайық емес. Мен бұл кісінің келіні болып келемін. Келін болып түскен кезімнен бастап, бұл отбасы менің және менің отбасымның адами қадыр -қасиетін қорлап, бейшара, қайыршы, сорлы, қылмыскерлер т.б. сөздермен кемсітіп келді.Ұстаз бола тұра Карима Сарсеновна мені балағат сөздермен кемсіткенімен қоса, қол көтеретін болды. Менің банкоматтық карточкамды тартып алып, алаяқтық жолмен ақшасын шешіп алмақшы болды. Қазыргі таңда, бұл кісінің үстінен алаяқтық және ұрып-соғу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, бұл отбасы 2015 жылдың 20 қараша айында ішкі істер басқармасына баланы ұрып-соқты деген менің үстімнен өтініш жазып, менің екі айлық қызымды бермей отыр. Карима Сарсеновна үш баланың анасы: 1) қызы Токбаева Алима 40 жаста, тұрмыста емес. 2) ұлы Токбаев Аян 38 жаста, үйленбеген. 3) менің жолдасым 30 жаста. Осы отбасыға келген күннен бастап, 3 баласының бір-бірімен қырылысып, бір-бірін өлтіруге дейін баратын ұрыс-керісті көрумен келдім. Өзінің отбасында, өзінің балаларына тәрбие бере алмаған адам, өзге адамның баласына, қандай тәрбие береді?! Менің арызымды аяқсыз қалдырмай, Сарсенова Карима Сарсеновнаға шара қолдануыңызды сұраймын.