Министерство труда и социальной защиты населения РК ответ от (03.12.2015) на обращение от (29.11.2015) № 35221
Құрметті Тамара Қасымқызы! Біздер Сарыағаш ауданы, Біртілек ауыл округінің Аманкелді ауылының тұрғындары бірнеше жылдан бері ауыз сусыз отырмыз. Ауылымыз бұрын село атағын алған (Қазақ совет Энциклопедиясы) Мұнда 2000 нан аса халық тұрады. Бұрын әр үйге құбыр тартылып, ауыз су жеткізілген еді. Егемендік алғаннан кейін, су тоқтап, құбырларды әлде кімдер сатып алып, қазып әкеткен. Біздің ауылдан кейін тұратын «Игілік» елді мекеніне біздің ауылдың ортасынан құбыр тартылып, 2-3 жылдан бері оларды ауыз сумен қамтамасыз еткен. Ол құбырлардан су алуға бізге рұқсат етпейді, неге екені белгісіз? Аудан әкіміндегілер 2 жылдан кейін, 1 жылдан кейін деп біздерді жұбатумен келеді. Бұдан 4-5 жыл бұрын артезиан қазып су шығарған еді, алайда оның суы ішуге жарамайды деп пайдалануға бермеді. Енді биыл соған сүзгі қойып, суын тазартты. Бірақ оны ауылға таратқан жоқ. Ауыл мен сүзгідегі судың арасы 2 шақырымнан астам. Көлігі барлар жазда тасып ішеді. Жауын шашында, қыста, оның маңайына жолау мүмкін емес, жол жоқ, балшық. Ал көлігі жоқтар ауылдағы арықтан су ішеді. Бұл арықтың басы сонау Қазығұрттан бастау алатындықтан жол жөнекей әр түрлі ағын сулар қосылады. Іш ауыруы,тамақ ауыруы, басқа да ауырулар ауылда өршіп тұр. Денсаулық министрі ретінде Сізден өтінеріміз: өзіміздің, балаларымыз бен немерелеріміздің денсаулығы үшін, ауылға ауыз су тартылуына аудан әкіміне ықпал етуіңізді сұранамыз. Хат өз қолыңызға тисе екен деп үміттенеміз! Аманкелді ауылының тұрғындары атынан: Қ. Сәулебеков