• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан ответ от (22.12.2015) на обращение от (23.11.2015) № 136788
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан ответ от (22.12.2015) на обращение от (23.11.2015) № 136788

Вопрос
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне Бүгінгі таңда Қызылорда қаласының көшелері жыл санап көркейіп, жасыл екпелер, гүлзарлар көптеп салынып, қала көркіне сән беруде. Дегенмен кейбір қала тұрғындары иеліктеріндегі үй жануарларын көшеге жіберіп, атқарылып жатырған жұмыстарға кері әсерін тигізуде. Өз кезегінде бос қараусыз жүрген үй жануарлары егілген жасыл екпелерді, гүлзарларды бүлдіріп, көшелерді, тротуарларды табиғи қалдықтарымен ластап, қолайсыз жағдайлар туғызуда. Мұның барлығы кейбір қала тұрғындарының қала орталығында көп мөлшерде үй жануарларын ұстауының салдары. Қала аумағында тұрғындар ауыл шаруашылығы жануарларын 40-50 басқа дейін ұстап, кәсіп түріне айналдырған. Қалада үйлер тығыз орналасқандықтан жануарларды өсіру барысында шығатын биологиялық қалдықтардың иістері көршілеріне қолайсыздық туғызуда, әсіресе жылдың жылы мезгілдерінде бұл мәселе күрделене түседі. Соның ішінде жыл бойы қала тұрғындарынан 60-70 арыз көршілерінің шошқа асырауы жағдайында тіркеледі және бұл мәселе шешімін таппайды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылдың 24 қаңтарындағы «Жеке қосалқы шаруашылықтарда елді мекендердің шекаралары шегінде мал ұстау және ауыл шаруашылығы пайдаланымындағы елді мекенді жерлерде малдарды бағу жүктемесінің нормативтерін бекіту» туралы №28 бұйрығына тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізу уақыт талабы. Себебі аталған бұйрықта ауыл, кент, қала деп көрсетілмей жалпы барлығы тең дәрежеде көрсетілген. Ал іс жүзінде қала жағдайында ауылдық елді мекендегідей көп мөлшерде мал ұстау айнала көршілеріне кері әсерін тигізері сөзсіз, өкінішке орай мұндай жағдайлар көптеп орын алуда. Сонымен қатар 1 шаршы метр жерге гүл шығару үшін 25-30 мың теңге көлемінде шығын жұмсалады. Ал бір бас сиыр азғана уақыт ішінде (2-3 минут) 10-20 шаршы метр жердің жасыл екпелерін жайпап кетеді. Жергілікті атқарушы органдар ұсынған қала жағдайында мал ұстау қағидасына бұл жағдайлар енгізілгенімен құзырлы органдар (прокуратура, әділет органдары) тарапынан наразылық көрсетіліп, нормативтік құжат ретінде қабылдаудан бас тартылады. Себебі аталған органдар жоғарыда көрсетілген №28 бұйрықты басшылыққа алады. Осы жағдайларды ескеріп, қала статусы бар аумақта халықтың тығыз орналасуына байланысты, жоғарыда көрсетілген бұйрықтағы нормативтерге қала мен ауылдық аймақтарға дифференциалды түрде өзгерістер енгізіп, яғни қала жағдайында 1 бас малға (түлік түріне қарамастан) қажетті аумақты 3-4 есеге дейін көбейтуді (әсіресе шошқа түріне), сонымен қатар қалада үй жануарларын ұстау үшін 100 метр радиуста орналасқан жеке және заңды тұлғалардың жазбаша келісімін алуды жоғарыда аталған №28 Бұйрыққа енгізуге және осы бұйрыққа өзгертулер мен толықтырулар енгізуге ықпал жасауыңызды сұраймын. Қызылорда қалалық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі